AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты...

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Әлеумет 08.12.2022, 14:00 1,225 Almaty-akshamy
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Сурет: Ашық дереккөз

Енді Парламент мүшелері орталықтан бастап нақты аудан, қала, ауылға дейінгі бөлінген бюджет қаржысын толық бақылай алады


Президентке Парламент Мәжілісінің спикері палатаның VII шақырылымының үшінші сессиясы аясында атқарып жатқан заң шығару жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазіргі кезде азаматтардың төлем қабілетін қалпына келтіру және олардың банкроттығы, қоғамдық бақылау, тұрғын үй саясатын реформалау туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына және қоғамдағы басқа да өзекті мәселелерге қатысты заң жобалары депутаттардың қарауында жатыр.


Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мәжіліс пен қайта құрылған Жоғары аудиторлық палата арасындағы өзара іс-әрекет механизмдері туралы мәлімет берді. Енді Парламент мүшелері орталықтан бастап нақты аудан, қала, ауылға дейінгі бөлінген бюджет қаржысын толық бақылай алады. Бұл барлық қаражаттың мақсатты жұмсалуы мен тиімділігін сараптауға мүмкіндік береді.


Сондай-ақ спикер Мәжіліс жанынан құрылған Қоғамдық палатаның жұмысы туралы айтты. Оның құрамына депутаттар, сарапшылар, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді. Қоғамдық палатада әзірленіп жатқан заң жобаларын қоғамның сұранысы мен талап-тілегі тұрғысынан тұрақты түрде талқылау жоспарланып отыр.


Мемлекет басшысына Парламенттің төменгі палатасы жанындағы Қоғамдық қабылдаудың жұмысы туралы есеп беріліп, Мәжілістің қоғамға ашықтығын арттыру жөніндегі жобалары таныстырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қошанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);