AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжа...

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады

Саясат 09.02.2023, 09:39 1,412
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады
almaty-akshamy.kz

Президентке осы жылдың қаңтар айындағы криминогендік ахуал туралы ақпарат берілді.


Министрдің мәліметіне сәйкес, кешенді алдын алу шараларын жүзеге асыру нәтижесінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, ұрлық, бұзақылық, мал ұрлығы, сондай-ақ көшеде жасалған қылмыстар саны айтарлықтай азайған, деп хабарлайды t.me/aqorda_resmi


Қасым-Жомарт Тоқаевқа көші-қон жағдайы, ұйымдасқан және есірткі қылмыстарына қарсы шаралар, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарының нәтижелері жөнінде баяндалды.



Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Президент бекіткен тұжырымдамасы аясында полиция қызметкерлерінің адалдығын тексеру (Integrity check) жөніндегі пилоттық жобаның алғашқы нәтижелері туралы есеп берді.


Министр шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстарының барысы жайында да айтты. Сондай-ақ қоғаммен бірлесе отырып, Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп жатқаны туралы баяндады.


Мемлекет басшысы азаматтық қоғам өкілдері мен журналистерге қарсы бағытталған заңға қайшы әрекеттерді және арандатушылықты әшкерелеу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.


Сонымен қатар Президент еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);