AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетін...

Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетінің президенті Мирьяна Споляричпен кездесті

Саясат 06.03.2026, 15:20 708
Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетінің президенті Мирьяна Споляричпен кездесті

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейтарап мандат негізінде әрекет ететін Халықаралық Қызыл крест комитетінің бірегей сипатына тоқталып, гуманитарлық көмекті саясиландыруға болмайтынын атап өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Халықаралық Қызыл крест комитеті дүние жүзіндегі гуманитарлық ынтымақтастық жүйесінде аса маңызды рөл атқарады. Халықаралық құқық нормаларын нығайтуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз басқаратын Ұйым мен басқа да халықаралық беделді құрылымдар баршаға ортақ адамзат құндылықтарын насихаттауға елеулі үлес қосып келеді. Әсіресе, бұл іс адамдар көмекке мұқтаж аймақтарда өте маңызды, – деді Президент.

Қазақстан Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастама көтерген алты мемлекеттің бірі саналады. ✔️

Бұл ретте соғыс кезіндегі адамгершілік тақырыбы бойынша жыл соңына қарай Иорданияда өтетін жоғары деңгейдегі Конференцияға дайындық мәселелері пысықталды.

Мирьяна Сполярич Халықаралық Қызыл крест комитетінің қызметіне қолдау көрсеткені үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, тоқсаныншы жылдардан бері еліміз бен Ұйым арасында қалыптасқан сындарлы диалог дәйекті түрде дамып келеді.

– Мемлекеттердің қолдауы өте маңызды. Сіз мұны орынды атап өттіңіз. Женева конвенциясына барша ел қатысады. Алайда бұл құжаттың ықпалы аталған нормаларды мемлекеттердің қаншалықты қорғап, қолдауға әзірлігіне байланысты, – деді ХҚКК басшысы.



Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мирьяна Сполярич халықаралық және гуманитарлық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстан мен Ұйым арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін растады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #президент #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Кеше 18:15

Күзде қандай көкөніс пен жеміс жеген дұрыс?

Кеше 15:10

Риновирус – суық тиюдің ең жиі кездесетін себептерінің бірі

Кеше 14:10

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Кеше 12:32

Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді

Кеше 12:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);