AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Грузияның ішкі істер министрі Гел...

Мемлекет басшысы Грузияның ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады

Саясат 23.02.2026, 13:56 524
Мемлекет басшысы Грузияның ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Әңгімелесу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Президент Грузия еліміздің Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Сондай-ақ екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың уақыт тезінен өткен тарихи тамырластыққа құрылғанына тоқталды.

Гела Геладзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік туристердің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін сақтау бойынша грузиялық құқық қорғау органдарының атқарып жатқан жұмысы жөнінде мәлімет берді.

Қазақстан мен Грузия ішкі істер министрліктері ұйымдасқан қылмысқа, есірткі тасымалдауға, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы күрес, сондай-ақ озық тәжірибелер алмасу, маман даярлау бағыттарында өзара ықпалдастықты нығайтуға ниетті.

Кездесуде Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвили мен Премьер-министр Ираклий Кобахидзеге сәлемін жолдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);