Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы дамудың жеті бағытын айқындап бер...

Мемлекет басшысы дамудың жеті бағытын айқындап берді

Саясат 12.12.2022, 10:05 1,900
Мемлекет басшысы дамудың жеті бағытын айқындап берді
Сурет: Kaz.globalnews.kz

Келесі жылы елімізде ірі кадрлық ауыс-түйістер болады.


Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізген Президент министрлер мен әкімдердің жұмысын сынға алып, қатаң ескерту жасады. Әлеуметтік-экономикалық саланы дамыту үшін жеті бағытты айқындап беріп, нақты іске көшу қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Елде экономика кері кеткен, қымбатшылық қысып барады. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған көрсеткіш - 19,6 пайызға жетті. Сондықтан министрлер мен әкімдер бар күшін халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмылдыруы керек. Бірақ жұрттың биліктен талап етіп отырғаны құрғақ сөз емес, нақты іс,- деді Мемлекет басшысы.



«Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз. Сондықтан сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданды. Барлық іс-шара уақтылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.



Әрине ел экономикасын арттыру үшін инвестиция саясатын қайта қарау керек, - деді Президент. Өйткені биыл іске асуы тиіс 300-ге жуық ірі жобаның 43-і ғана жүзеге асқан. Бұл өте төмен көрсеткіш. Салдарынан мыңдаған жұмыс орыны ашылмай қалды. Ел экономикасы миллиардтаған теңге қаржыдан қағылды. Бұдан бөлек Ұлттық банк пен Үкіметке Ұлттық қорды басқару ісін жетілдіру тапсырылды. Өйткені қит етсе, осы қордан трансферт алуға әбден әуестеніп алған. Соның кесірінен табыс 10 жылда небары 1,6 пайызға ғана артқан. Жалпы Президенттің отырыста жүктеген тапсырмасы көп. Өңдеу өнеркәсібін арттыру, жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығы мен ауыдық жерлерді дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, келесі жыл ауылдарды көркейтуге бағытталмақ. Ол үшін триллион теңге бөлінбек.


Сондай-ақ Президент алдағы жылы кадрлық ауыс-түйістер болатынын, әсіресе, әкім орынбасарлары мен вице-министрлер ауысатынын айтты. Сондықтан бастықтардың үнемі бүйрегі бұрып тұратын адамдарымен қоштасуына тура келеді, - деді Тоқаев. 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет басшысы #жеті бағыт #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика