Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің Бас...

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің Бас директоры Гада Валиді қабылдады

Билік 22.11.2021, 14:48 1,217
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің Бас директоры Гада Валиді қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Кездесуде заңсыз есірткі айналымына, ұйымдасқан қылмысқа, жемқорлыққа, терроризмге, сондай-ақ кибер қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды


Қазақстан Президенті елімізге сапармен келген БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің Бас директоры, БҰҰ  Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры Гада Валиді қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның халықаралық істердегі негізгі рөлін атап өтіп, Қазақстанның дүниежүзілік ұйыммен орнықты даму, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету салалары бойынша тығыз іс-қимылдарды жалғастыруға мүдделі екенін нақтылады. Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының аймақтағы, әсіресе Ауғанстандағы қазіргі ахуалға қатысты жүргізіп отырған белсенді қызметіне қолдау білдірді.


Қазақстан Президенті БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Орталық Азия үшін 2022-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасының қабылдануын құптады. Аталған бағдарлама табысты ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудың берік негізін қалайды.  


Гада Вали елімізде жүргізіліп жатқан, оның ішінде құқық қорғау жүйесін жаңғыртуға бағытталған реформаларды жоғары бағалады. Сондай-ақ, Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлерін эвакуациялауға және оларды Алматы қаласында орналастыруға көмек көрсеткені үшін елімізге алғыс білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #қабылдау #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика