Мемлекет басшысы: Бұл реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттігін күшейту емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайту

Мемлекет басшысы: Бұл реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттігін күшейту емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайту Сурет: Inform.kz

Бүгін Мемлекет басшысы республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды


Қазақстан халқына арнаған бейнеүндеуінде Президент елімізде әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекетке айналатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



"Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз. Бәріне бірдей мүмкіндік береміз. Әркім қарым-қабілетіне сай қоғамнан өз орнын иеленеді. Халықтың ой-санасы жаңғырып, өмір салты өзгереді. Біз мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша, Екінші Республиканы қалыптастырамыз. Конституциялық реформа мұның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қажет", - деді Мемлекет басшысы.



Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды елдің ертеңі, ұрпақтың келешегі үшін референдумға қатысуға шақырды. Ол халықтың ұлт мүддесіне сай бастамаларды қолдайтынына сенім білдірді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:31

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36