AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Мемлекет басшылары Тоқаев пен қазақстандықтарды Құ...

Мемлекет басшылары Тоқаев пен қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтап жатыр

Әлем 06.06.2025, 09:55 1,108 Сұлу
Мемлекет басшылары Тоқаев пен қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтап жатыр
Ақорда

Мемлекет басшысының атына Құрбан айт мерекесіне орай бірнеше ел президенттерінен құттықтау жеделхаттары келген, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп түсіп жатыр.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқына ізгі тілегін жолдаған.

– Соңғы жылдары біздің батыл саяси ерік-жігеріміздің арқасында халықтарымыз арасындағы сан ғасырлық тығыз достық пен тату көршілік байланыстар мүлде жаңа одақтастық деңгейіне көтерілгенін айрықша атап өткім келеді, – делінген жеделхатта.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Құрбан айт адамдардың бойындағы мейірімділік, рақымшылық, төзімділік пен қайырымдылық секілді асыл қасиеттерді жан-жақты танытатын ерекше мейрам екенін айтқан.

– Бұл мереке бауырлас халықтарымызға бейбітшілік сыйлап, бақ-береке дарытып, қырғыз-қазақ стратегиялық серіктестігі мен өзара тиімді ынтымақтастығының белсенді дамуына ықпал ете беретініне сенімдімін, – деп жазылған құттықтауда.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон да Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

– Осы мерекенің ізгілік, толеранттылық, қайырымдылық және өзара қолдау сияқты рухани негізі алдағы уақытта да мемлекеттеріміздің және халықтарымыздың арасындағы достықты, екіжақты тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға берік негіз қалайтынына сенемін, – делінген тәжік көшбасшысының құттықтауында.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Мемлекет басшысына зор денсаулық, мол бақыт, ал бауырлас қазақ халқына құт-береке тіледі.

Құрбан айт мейрамына орай өздерінің ізгі тілектерін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Әс-Сиси, Иордания Королі II Абдалла, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Алжир Президенті Әбделмәжид Теббун, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум және тағы басқалар жолдады.

Құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет басшылары #құрбан айт #құттықтау #президент #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);