Мектеп оқушылары әлеуметтік желілерге түрлі контент әзірлеп, оқыған кітаптарын талдайды.

«Шын жүректен кітап сыйла» челленджі аясында 14 ақпан күні мұғалімдер мен оқушылар бір-біріне көркем шығармалар сыйлап, ерекше атмосфера орнады. «Кітаптар айналымы» акциясында кітап алмасатын арнайы бұрыш ашылды. Одан бөлек Абай мектебінің «Әнді сүйсең, менше сүй», «Зерделі зейін», «Ғибрат», «Ұстаз like», «46-сөз: өз сөзім өзімдікі», «Абай бол» дебат фракциясы, «10 минуттық ән айту», «Абайша ойлан», «Абай құндылықтары негізінде оқыту және тәрбиелеу», «Құнанбай» әкелер мектебі, «Зере» әжелер мектебі сынды жобалар осы тәрбие бағдарламасына кіріктірілді», – деді спикер. 

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша құндылықтарға негізделген білім беру жүйелі түрде іске асырылып, түрлі жоба енгізілген. Әсіресе, оқушының бойына жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды сіңіру, білімді, тәрбиелі,адал оқушы шығаруды басты мақсат еткен істер жетіп артылады.