AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мектепте ақша жиналғаны анықталса, айыппұл салынад...

Мектепте ақша жиналғаны анықталса, айыппұл салынады

Білім және ғылым 22.05.2023, 09:42 1,334
Мектепте ақша жиналғаны анықталса, айыппұл салынады
Сурет: Adyrna.kz

Еліміздегі орта білім ошақтарында ата-аналардан ақша жинау дерегі азаймай тұр.


Білім саласына бөлінетін қаржы үш есеге дейін ұлғайды. Ол өз кезегінде жемқорлық қауіп-қатерлердің артуына әкеліп соқтырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Бұл туралы Талдықорғанда өткен білім саласындағы жемқорлықтың алдын алуға арналған жиында еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов мәлімдеді. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев болса мектепте болған мұндай жағдайлар үшін сол білім ошағының директоры тікелей жауап беретінін айтты.



«Коррупцияға қарсы қызмет соңғы 3 жылда білім саласындағы 300-ден астам қылмысты тіркеді. 192 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 140 адам сотталды. Агенттік төрағасы біздің алдымызға нақты міндеттер қойды. Бөлінген қаржыны игерумен қоса жалақы төлеу мәселесі де жіті тексеріледі. Кемшіліктерді жою бағытында бірлескен шаралар қабылданып, еліміздегі барлық білім басқармаларында коррупциялық қауіпке талдау жасау жұмыстары қолға алынды», - дейді  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов.


«Өзіміз қойдыра алмағаннан кейін, бұл кісілер енді мектепте ақша жинайтын болса, ол анықталатын болса, 7 млн теңге айыппұл төлейтін болады. 5 мың теңге жинаймын деп ертең директор, мұғалім 7 млн айыппұл және бас бостандығынан айыру мәселесі туралы қазір айтып жатыр. Бүкіл ұжымға ескертіп қойыңыздар. Тиісті қаржы бөлініп жатыр. Сондықтан ешкімнен еш нәрсе жинаудың қажеттілігі жоқ», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев. 






Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #ақша жинау #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);