конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Мектепке жол»: балалар қуанған күн

«Мектепке жол»: балалар қуанған күн

Алматы Бүгін 15:05 31
«Мектепке жол»: балалар қуанған күн

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Жан-Сая» дағдарыс орталығында да бүгін «Мектепке жол» акциясы аясында іс-шара өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Жан-Саяда» қазір 8 әйел мен 21 бала тұрады. Оның ішінде 11-і – мектеп жасындағы жеткіншек. Жаңа оқу жылы қарсаңында олар үшін мектеп формасы, аяқ киім, рюкзак және оқуына қажетті өзге де керек-жарақтар дайындалды.

Дәлірек айтсақ, осы қажетті заттардың бәрін алуға Түрксіб ауданының әкімдігі, «Каритас Қазақстан» қоғамдық қоры, отандық қоғам белсендісі, кәсіпкер, коуч-мотиватор Алтын Каникар, «Mrs Kazakhstan – 2026» байқауының финалисі, бизнесвумен және «Nazimen» брендінің негізін қалаушы Назира Зару қолдау көрсетті.

Міне, орталықта тұратын балалар үшін жаңа оқу жылы ерекше көңіл-күймен басталмақ. Іс-шара барысында шағын концерттік бағдарлама ұсынылып, өрендерге мектепке қажетті құрал-жабдықтар салтанатты түрде табысталды.Ә

Иә, әр баланың мектепке барар жолы кішкентай ғажайыптан басталады. Әдемі бәтеңке, жап-жаңа сөмке, тап-таза дәптерлер және жүректегі үлкен үміт – мұның бәрі оларға қуаныш сыйлайтыны анық.

«Бала үшін жаңа оқу жылы – тек жаңа форма мен мектеп құралдары ғана емес. Бұл – өзіне қамқорлық жасалып жатқанын сезіну, жанында қолдайтын жандардың бар екенін білу және жаңа білім мен армандарға қарай сеніммен қадам басу», – дейді «Жан-Сая» дағдарыс орталығы директорының орынбасары Татьяна Мидо.

Айта кетсек, «Жан-Сая» тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға кешенді көмек көрсетеді. Жұмысын бастаған 2017 жылдан бері мұнда 1 200-ден астам әйел мен 2 295 бала әлеуметтік қызметтер алды.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Мектепке жол»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін

Бүгін 16:05

Ескі көлікке берілетін жеңілдіктердің мөлшері қандай?

Бүгін 15:31

Жыл басынан бері Ұлттық электрондық кітапхананы пайдаланушылар саны 359 мыңнан асты

Бүгін 15:00

1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді

Бүгін 14:28

Алматыда Өңірлік травматология және ортопедия орталығы ашылды

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);