Мейрам күндері Қазақстанда ХҚКО-лар жұмыс істемейді

Мейрам күндері Қазақстанда ХҚКО-лар жұмыс істемейді Сурет: Kapital.kz.

Дүйсенбіде әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.


Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты 16 желтоқсанда Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО-лар жабылады. Бұл туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Желтоқсанның 17-сі мен 18-і демалыс күндеріне сәйкес келуіне байланысты ХҚКО ол күндері де жұмыс істемейді.



«Бұл ретте кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары сенбі, 17 желтоқсан, күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін атап өтеміз», - делінген хабарламада.



19 желтоқсаннан бастап ХҚКО қайтадан әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.


Жұмыс күндері ХҚКО және арнайы ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО және Арнайы ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:28

12:11

11:49

11:43

11:34

11:13

11:00

10:48

10:24

10:23

10:19

10:15

10:14

10:11

10:02

09:50

09:33

09:16

09:05

08:40

08:35

18:30

17:17

16:23

15:33