AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Мейірімге толы мереке

Мейірімге толы мереке

Барлығы 19.04.2025, 20:50 1,039 Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ
Мейірімге толы мереке
UYA_PRODUCTION

Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Шаттық шеруі» атты үлкен мереке өтті.

Аталған шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебінің қаржы және есеп кафедрасының оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Алматы велотрек ұйымы бірлесіп ұйымдастырды.

Мерекеге Алматы қаласындағы №1 балалар үйі мен Алматы облыстық қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері шақырылды. Барлығы 50-ден астам бала қатысты. Балаларға арнап концерттік бағдарлама, веложарыс, флешмобтар, ойындар мен пикник ұйымдастырылды. Күн шуағында өткен фестиваль шын мәнінде балалар үшін ерекше сыйлық болды.

Райгүл ДОСЖАН, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономикалық зерттеулер орталығының директоры:

– Бұл шараны біз осымен екінші рет өткізіп отырмыз. Университет оқытушылары мен студенттері атсалысып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат еттік. Сонымен қатар, мұндай шаралар жастарға әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамға пайдалы болу сезімін ұялатады. Велотрек ұйымының қолдауымен веложарыс ұйымдастырылып, жүлдегер балаларға сыйлықтар берілді. Концертке оқытушылар, студенттер, өнерлі отбасылар, блогерлер мен жас әншілер қатысты. Атмосфера өте керемет, бүгін өзі – ән, би, күлкі мен шаттыққа толы күн болды.


Мерекелік кеште балалардың өздері де өнерлерін ортаға салды. Мәселен, балалар үйінің 8-сынып оқушысы Гүлжайна Есенбаева «Сарбаздар» әнін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, кішкентай әншілер Инабат Кенгакова мен Айару Бейсенбекова да сахнада өнер көрсетті.

 

 

Ләззат ЖЕКСЕМБАЕВА, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиешісі:

– Бұл балалар – ата-ананың мейірімінен тыс қалған жандар. Мұндай шаралар олардың жан дүниесіне жылу сыйлайды. Балалар ерекше қуанып жүр. Ән айтып, ойнап, жаңа достар тауып жатыр. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.

Сәуле Байбалақова, орталық тәрбиешісі:

– Осы салада 1994 жылдан бері жұмыс істеймін. Бүгінгі мерекеге 50-ге жуық баланы алып келдік. Балаларымыз өнерлі, жан-жақты, талантты. Мысалы, Гүлжайна – сабағы үздік, алғыр қыз. Бұл мереке балалардың көңілін серпілтіп, сыйлықтармен қуантты. Осындай шаралар көбірек болса екен.

Танымал блогерлер Асхат Ералиев пен Жан Ізбасар мерекені көңілді жүргізіп, балаларға әзіл-қалжыңымен шаттық сыйлады.

«Шаттық шеруі» мерекесі – мейірімділік пен қамқорлықтың, нағыз адамгершіліктің көрінісі болды. Кеш соңында ұйымдастырушылар балаларға арнап ыстық тамақ пен түрлі байқаулар ұйымдастырып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мереке #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);