Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Медициналық авиация қызметінің ұшақтары мен тікұша...

Медициналық авиация қызметінің ұшақтары мен тікұшақтары 20 мыңнан астам ұшырылым жасады

Медицина 29.10.2021, 11:53 1,761
Медициналық авиация қызметінің ұшақтары мен тікұшақтары 20 мыңнан астам ұшырылым жасады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Еліміздегі медициналық авиация саласының қызметі жайлы айтылды


Қазақстанда он жылдан бері медициналық авиация қызметі жұмыс істейді, осы уақыт ішінде әуе кемелері 20 161 рет ұшты. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы медициналық блогінің меңгерушісі Назигүл Ырымбаева Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде медициналық авиация қызметінің жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазіргі кезде аталған авиация қызметі барлық облыс орталықтарында орналасқан 24 ұшақ пен 13 тікұшақты пайдаланады. Олардың барлығы Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитетінде сертификатталған.


Назигүл Ырымбаева атап өткендей, әрбір кезекшілік – құтқарылған өмір. Дәл осы медициналық авиация бағыттың қиындығына қарамастан, көмекке мұқтаж жерлерге ұшып келеді. Барлық ұшақтар мен тікұшақтар жоғары технологиялық заманауи медициналық жабдықтармен толық жарақтандырылған, бұл пациенттерге неғұрлым ыңғайлы, қауіпсіз және барынша жылдам медициналық көмек көрсетуге ықпал етеді.



«2011 жылдан бастап 2021 жылдың қыркүйегіне дейінгі барлық қызмет кезеңінде медициналық авиация желісі бойынша орындалған ұшулар саны 20 161 ұшуды құрады. Ұшу саны жыл сайын артып келеді. Авиацияның арқасында бізде автокөліктен екі немесе үш есе жылдам жерде болу мүмкіндігі пайда болады. Пациентті тасымалдау туралы сөз болғанда, бұл шешуші факторға айналуы мүмкін», - деп атап өтті Назигүл Ырымбаева.



Ел ішіндегі шақырулардан басқа, дәрігерлер шетелде ауыр халде жатқан ҚР азаматтары мен қандастарды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратынын айта кету керек. Бүкіл кезең ішінде әлемнің 24 еліне 90 шетелдік ұшу орындалды.


Н. Ырымбаева жыл сайын республикада медавиацияға шақырулар саны біртіндеп артып келе жатқанын хабарлады. Бұл халықтың хабардар болуының артқанын көрсетеді.



Медициналық бөлімнің меңгерушісі: «2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 26 576 пациентке медициналық көмек көрсетілді. Пациенттердің жалпы санының 22%-ы – патологиясы бар балалар, 20%-ы - ЖКО, жазатайым оқиғалар мен уланулар нәтижесінде жарақаттары бар пациенттер, 17%-ы-акушерлік практикадағы кезек күттірмейтін жай-күйлері бойынша пациенттер, 16%-ы - қан айналымы жүйесі ауруларымен, 14%-ы-жаңа туған нәрестелер және 11%-ы – өзге де аурулармен. Бұл тек сандар ғана емес, әр ұшудың артында уақытылы жедел медициналық жәрдем көрсетілген адамдардың тағдыры тұр», - деп атап өтті Назигүл Ырымбаева.



Барлығы 28 860 медициналық қызмет көрсетілді, оның ішінде: 19 286 пациент медициналық ұйымдарға тасымалданды, 1526 операция жасалды, 4242 бетпе-бет консультация өткізілді.


Шұғыл медициналық көмек Денсаулық сақтау жүйесінің маңызды буыны болды және болып қала береді, оның жұмысының тиімділігіне халықтың денсаулығы мен өмірін сақтау айтарлықтай тәуелді. Оны ұйымдастыру деңгейі ана мен бала өлімі, инфаркт, инсульт және басқа да көптеген маңызды көрсеткіштердің төмендеуіне тікелей әсер етеді.


Назигүл Ырымбаева. Ырымбаеваның айтуынша, пандемияға байланысты медавиация бригадалары коронавируспен ауыратын науқастарды тасымалдауға дайын.



«Әуе кемелерінің бортында біз пациенттердің де, медицина қызметкерлерінің де инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. COVID-19 ауыратын пациенттерді тасымалдағаннан кейін әуе және жер үсті көлігін санитариялық өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді», - деді спикер.



Медициналық авиация қызметі COVID-19 коронавирус инфекциясымен күрес аясында 2020 жылғы наурыздан бастап және 2021 жылғы 9 айда 249 ұшуды жүзеге асырды, 1160 пациентке көмек көрсетті.


Сөзін қорытындылай келе, Н. Ырымбаева Ахуал орталығы тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын, оның мамандары сараптамалық топпен бірлесіп, тұрақты негізде анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіндегі пневмонияның ауыр түрімен ауыратын жағдайы ауыр пациенттерге күнделікті мониторинг және талдау жүргізетінін хабарлады. Жыл басынан медицина мамандары мұндай пациенттер үшін 182 872 консультация өткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#авиация #медицина #медициналық көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика