Жұмыс жүргізілетін кезеңде автокөліктер мен жүргіншілер қозғалысы толықтай тоқтатылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
2026 жылы 19-22 қазан аралығында Медеу – Шымбұлақ автомобиль жолының «Горельник» визит-орталығы маңындағы бөлігінде диаметрі 1 және 1,5 метр болатын екі темірбетон су өткізу құбырын орнату жұмыстары жүргізіледі.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы бағыттағы сапары мен жаяу жүру маршрутын жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеруін сұраймыз.
Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.