конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Медеу» мұз айдынының салқындату жүйесі толық жаңа...

«Медеу» мұз айдынының салқындату жүйесі толық жаңартылады

Алматы Бүгін 14:07 35
«Медеу» мұз айдынының салқындату жүйесі толық жаңартылады

Алматыда «Медеу» биік таулы спорт кешенін ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл – соңғы бірнеше онжылдықтағы аңызға айналған мұз айдынындағы ең ірі техникалық жаңғырту жобасы. Жоба нысанның тарихи келбетін сақтай отырып, оны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді.

Жобаның басты ерекшелігі – барлық жұмыс кешеннің сәулеттік мұрасына барынша ұқыпты көзқараспен жүргізіледі. Инженерлік инфрақұрылым толық жаңғыртылғанымен, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасының алдын ала тізіміне енгізілген «Медеудің» сыртқы келбеті өзгеріссіз сақталады.

Жобаның негізгі кезеңдерінің бірі – ауданы 10,5 мың шаршы метр болатын мұз алаңының технологиялық плитасын толық жаңарту және салқындату жүйесін ауыстыру. Жаңа жабдық ауа температурасы +15 °C-қа дейін жеткен жағдайда да мұздың мінсіз сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл кешеннің маусым бойындағы сенімді жұмысын едәуір арттырады.

Жаңғырту инженерлік жүйелерді де қамтиды. Технологиялық үдерістерді автоматтандыру және жылумен жабдықтау жүйесін табиғи газға көшірудің нәтижесінде энергия ресурстарын тұтыну 25–30 пайызға қысқарып, нысанды пайдалану анағұрлым үнемді әрі экологиялық тұрғыдан тиімді болады.

Өзгеріс спорттық инфрақұрылымға да әсер етеді. Шығыс трибунаның астында төрешілерге арналған заманауи бөлмелер, допинг-бақылау аймағы және халықаралық спорттық жарыстардың талабына сай, әрқайсысының ауданы 50 шаршы метр болатын сегіз кең киім ауыстыратын бөлме жабдықталады.

Жаңғырту аяқталғаннан кейін «Медеу» қонақ үйі де жаңартылады. Ол бір мезгілде 140-қа дейін спортшыны қабылдап, оқу-жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстарды өткізуге қолайлы жағдай жасайды.

Кешенді жаңғырту Алматының басты нышандарының бірін сақтап қана қоймай, халықаралық стандарттар мен халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізу талабына толық сәйкес келетін заманауи спорттық инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының жаңа спорт нышаны: қалада УЕФА талаптарына сай 45 мың орындық стадион салынып жатыр

Бүгін 14:11

Алматыдағы полиорталықтарды дамыту: жаңа жолдар мен инженерлік желілер

Бүгін 14:09

Алматыда бес жаңа емхана салынып, ірі медициналық мекемелер жаңғыртылуда

Бүгін 14:03

Алматыда қай аудандарда жаңа мектептер мен балабақшалар салынады

Бүгін 13:52

Алматыда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған 17 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталды

Бүгін 12:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);