AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Медеу мұз айдыны жаз маусымында да жұмыс істейді

Медеу мұз айдыны жаз маусымында да жұмыс істейді

Әлеумет 03.06.2022, 13:46 2,547 Almaty-akshamy
Медеу мұз айдыны жаз маусымында да жұмыс істейді
Cурет: Ашық дереккөз

Жабық нысанның жалпы аумағы 450 шаршы метр


Медеу мұз айдыны кешені енді қысқы мезгілде ғана емес, жаз маусымында да жұмыс істейді. Нысанның ашылғанына 50 жыл толуына орай мұндай мүмкіндік демалушыларға алғаш рет беріліп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Жабық нысанның жалпы аумағы 450 шаршы метр. Аумағы үлкен болмаса да келушілер енді жаз мезгілінде де коньки тебуге мүмкіндік алады. 1 маусым күні жұмысын бастаған орталық тамыз айының соңына дейін ашық болады. Ұйымдастырушылар шіліңгір шілде мен тамылжыған тамыз айында да демалуға келетіндердің көп болатынына сенімді.



«Біз жазғы демалысқа шықтық. Қыста біз келіп үлгермеп едік, сабақ болды. Енді қазір жаз кезінде де ашылғанына қуаныштымыз», – деді демалушы Даниял Өтеген.



«Біз Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан Алматыға отбасымызбен демалуға келдік. Медеуде жазғы кезде коньки тепкенімізге қуаныштымыз. Көңілді демалыс болып жатыр», – деді демалушы Махаббат Қыдырова.


Ұйымдастырушылар жаз мезгілінде мұзды қатыру аса күрделі екенін айтады. Ол үшін түрлі технологиялармен жабдықталған мұздатқыштар орнатылған.



«50 жылдық тарихта бірінші рет жасап отырмыз. Бұл – үлкен нәтиже. Алдағы уақытта жазғы катоктың ауданын үлкейтеміз деген ойымыз бар. Өйткені қазір технологиялар дамып жатыр», – деді «Медеу» мұз айдынының директоры Абылай Қондыбаев.



Демалыс орталығы үзіліссіз таңғы сағат 10:00-ден кешкі 10.00-ге дейін жұмыс істейді. Билет бағасы ересектерге 1500, ал 14 жасқа дейінгі балалар үшін 1000 теңге. Конькилерді жалға алу құны өлшеміне қарай мың теңге мен 2 мыңның аралығында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медеу #жұмыс #тау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика