Қала әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесті.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданындағы сапалы ауыз сумен канализация мәселесі қалай шеілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
«Өткен кездесуде Сіздер Медеу ауданында халықты сапалы ауыз сумен және канализациямен қамтамасыз ету мәселелерін көтерген болатынсыздар. Біріншіден, "Думан" ықшамауданында сорғы станциясы мен көлемі 1800 текше метр болатын 2 резервуар қайта жаңғыртылуда. Жұмысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз»,- деді қала басшысы Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында.
Әкімнің айтуынша, ағымдағы жылдың қараша айында Юбилейный (265 абонент) ықшамауданында 1,2 км канализация желілерін қайта жаңғырту, сондай-ақ үш көше (Горная көшесі, Батурин көшесі және Бегалин көшесі, 129 абонентті қамтиды) бойынша 1,4 км су құбыры желісінің жұмыстары аяқталады. Бұл жұмыстар Коккинаки, Луганский және Елебеков көшелерінде жалғасып, 2023 жылдың ІІ тоқсанында аяқталады.
"Кеңсай" ықшамауданында су құбыры және канализация желілерін салу жобасы бойынша конкурс өткізіліп, мердігер анықталды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2023 жылдың көктеміне жоспарланған. "Каменское плато" ықшамауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жоқтығына қатысты мәселелерді шешу үшін зерттеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша қазіргі жобаны құрылыс материалдарының қымбаттауына, сондай-ақ таулы жерлердің күрделі рельефіне байланысты су құбыры және канализация желілерін салу бойынша түзетуге жіберу туралы шешім қабылданды. Құрылысты 2023 жылдың көктемінде бастауды жоспарлап отырмыз»,- деді Ерболат Досаев.
Су көзімен қамтамасыз ету үшін "Мұзтау" және "Көлсай" ықшамаудандарында «Балқаш» ЖБҚ-да НС-2 кеңейту жобасын әзірлеуде. Сондай-ақ "Мұзтау" мен "Көлсай" ықшамаудан жалпы ұзындығы 3,8 км құрайтын магистралды су құбыры желісін қосатын құрылыстың ЖСҚ әзірленуде, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы 2023 жылдың II тоқсанына жоспарланған.
«Қосымша, ағымдағы жылдың соңына дейін "Сұлусай" ықшамаудандағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысына және 2 ұңғыманы бұрғылауға ЖСҚ әзірлеу аяқталады. ҚМЖ-ға келесі жылдың көктемінде кірісуді жоспарлап отырмыз»,- деді әкім.