Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Медеу ауданында жаңа мектептер салынып жатыр

Медеу ауданында жаңа мектептер салынып жатыр

Әлеумет 16.07.2025, 14:28 637
Медеу ауданында жаңа мектептер салынып жатыр
Алматы қаласы әкімдігі

Журналистер Медеу ауданындағы №33 мектепке барып, ондағы жөндеу жұмысын көрді. Жаңарған ғимарат ауданның білім беру инфрақұрылымын кеңейтіп, жаңғыртуды көздейтін бағдарламаның бір бөлігіне айналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Ауданда білім беру саласында 48 мекеме жұмыс істейді, олардың 28-і мемлекеттік те, 20-сы – жеке меншік. Қазір бұларда шамамен 36 мың оқушы білім алып жатыр. Әлі де 4 500 оқушы орны жетіспей тұр. Осы тапшылықты кезең-кезеңмен азайту мақсатында жаңа мектеп салып, бар мекемелерге қосымша құрылыс салуды қолға алып жатырмыз», - деді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Асқар Нұрлыбаев.

Қазір екі мектепте күделі жөндеу жұмыс жүріп жатыр. №161 мектептегісі оқу жылының басына дейін аяқталмақ. Сондай-ақ, Самал шағын ауданындағы №30 мектеп «Кәсіпкерлік мектебі» жобасымен бірігіп, қосымша 400 орын пайда болады. Құрылыс жұмыс 2026 жылдың қыркүйек айында аяқталса, білім беру жобасы 2025 жылдың соңына дейін бітпек.

Осы жылдың қыркүйегіне дейін Құлжа тас жолының оңтүстігінде 2 000 орындық жаңа мектеп салынып бітеді. 599 орындық жеке мектептің құрылысы да жүріп жатыр. «Думан» шағын ауданында 1 200 орындық мене Халиуллин көшесінде 300 орындық тағы екі жеке мектептің құрылысы басталмақ. Осылайша, келер жылдың соңына дейін ауданда 4 099 жаңа оқушы орны пайда болмақ.

Жаңа ғимараттардан бөлек, қолданыстағы мектептерді кеңейту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Биылдың соңына дейін №35, №99 мектеп пен НЗМ-дегі қосымша құрылыс жұмысы аяқталып, бұл 870 жаңа орын жасауға мүмкіндік береді. Қараша айында №131 мектепке қосымша құрылыс басталады, оның аяқталуы 2026 жылға жоспарланған. Сонымен қатар, №168 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс салатын жоба құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Мектепке дейінгі білім беру саласы да кезең-кезеңімен дамып келеді. 2024 жылдан бастап ауданда 738 орындық 14 жеке балабақша ашылды. 2025 жылдың соңына дейін тағы 500 орындық 10 балабақша ашылмақ. Тамыз айында №195 балабақшаның күрделі жөндеуі аяқталып, оның сыйымдылығы 140 орынға артқалы отыр. №110, 157, 166 мен 196 балабақша  жөндеуден өтіп жатыр, ол жұмыс 2025 жылдың тамыз айында аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика