Медеу ауданында  116 шақырымдық жаңа желі салынып жатыр  

Медеу ауданында  116 шақырымдық жаңа желі салынып жатыр   Алматы қаласы әкімдігі

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры «Мұзтау» шағын ауданындағы сумен жабдықтайтын құрылыс алаңында өтті. Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин журналистерге инженерлік инфрақұрылымның ең ірі жобаларының іске асырылу барысымен таныстырды, бұл жобалар 65 мыңнан астам тұрғынды қамтымақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Балқаш» таза су қоймасынан «Мұзтау» шағын ауданына дейін жалғасатын Медеу ауданындағы 2,2 шақырымдық қосалқы магистральдың құрылысы аяқталып қалды. 2024 жылдың қазан айында басталған жоба 2 000-нан астам тұрғынды сапалы сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жұмыс 2025 жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталмақ.

Суды үзбей беріп, кәріз жүйесімен қамтамасыз ететін «Мұзтау» шағын ауданындағы құрылыс жұмысы үлкен бағдарламаның бір бөлігі ғана екенін айтады Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.

«Біз негізгі жұмыстарды аяқтап қалдық. Қазір асфальт жабынын қалпына келтіріп жатырмыз. Одан соң абаттандыруға кірісеміз. Барлық жұмысты қыркүйек айына дейін, гидравликалық сынақтармен бірге аяқтап, нысанда сол кезде іске қосамыз», – деді аудан әкімі.

2023-2024 жылдары «Каменское Плато», «Көлсай», «Юбилейный» шағын аудандары мен Халиуллин көшесінде 11,6 шақырымнан асатын су желілері салынды, бұл 13 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етті. «Каменское Плато» ауданында бұрын су тапшы еді, енді ол мәселе шешілді.  

«2024 жылы біз ірі су жеткізу нысанын пайдалануға беретінімізді айтқанбыз. Ол скважинамен, резервуарлармен жабдықталады. Бұл міндетімізді орындадық: 12 ұңғыманы бұрғылап, әрқайсысы 6 мың текше метр болатын екі үлкен резервуар салынды осы жолы», – деді Еркебұлан Оразалин.

Сондай-ақ, өткен жылы да су жетпеген шағын аудандарға су қосылды:
«Бұрын суды бұлақтан алып келген аймақтарға да су құбыры тартылды. «Көлсай» мен «Юбилейный» шағын ауданына, мысалы», – деп қосты әкім.

2024 жылы жоба «Кеңсай», «Думан» шағын аудандарында, жеке секторда, С. Нұрмағамбетов, Р. Бағланова, Маңғыстау мен басқа көшелерді де қамтыды. Жаңа желілердің жалпы ұзындығы 67,6 шақырмға жетті, бұл 22,7 мың адамды қамтыды. Таулы аймақтарда сумен жабдықтауға, кәріз жүйесіне ерекше көңіл бөлінген:

«Таулы аймақтардағы тұрғындар септикті пайдаланады, бұл қауіпті. Ылғалданғаннан кейін жер сырғып кетуі мүмкін. Сондықтан біз оған жағаластырып кәріз жүйесін де салып жатырмыз», – дейді аудан әкімі.
  
Биыл «Алатау», «Каменское Плато», «Горный гигант» шағын ауданында, Рысқұлов, Құлжа тас жолы, Шығыс айналма жолы мен Тайыров көшесінде 116 шақырым болатын жаңа инженерлік желі салынады. Қолға алынып жатқан бұл жұмыс 19 мың тұрғынның өмірін жақсартуға ықпал етпек.

2026 жылы «Асқартау» мен «Юбилейный» шағын ауданында жұмыс жалғасады. «Кеңсай», «Алатау», «Зеленстрой» ЖҚ, «Радуга» мен «Мичуринец» аумақтарының да жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр.

Әкімнің айтуынша, барлық жоба аяқталғаннан кейін ауданды су мен кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету жағы 100%-ға жуықтамақ:

«Осы жобалар сәтімен іске асса, 2-3 жыл ішінде Медеу ауданының тұрғындарын орталықтандырылған сумен, кәріз жүйесімен 98%-ға қамтамасыз етеміз», – деп сендірді Еркебұлан Оразалин.

Медеу ауданындағы инженерлік инфрақұрылымды дамыту барысында бұрыннан келе жатқан мәселелерді шешімін тауып, таулы аудандағы тұрғындарды таза ауызсу мен қауіпсіз кәріз жүйесіне қосуға мүмкіндік берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:57

17:50

17:26

16:55

16:49

16:33

15:15

14:41

14:31

14:28

14:26

14:25

14:23

14:16

13:34

12:45

12:04

11:35

11:33

11:03

10:51

10:21

09:55

09:28

09:09