AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Медеу ауданы су жеткізуді қолға алып, кәріз жүйесі...

Медеу ауданы су жеткізуді қолға алып, кәріз жүйесін салып жатыр

Әлеумет 15.07.2025, 12:23 789
Медеу ауданы су жеткізуді қолға алып, кәріз жүйесін салып жатыр
Алматы әкімдігі

Медеу ауданы сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында үлкен жұмыс істеп жатыр. Басты шаруаның бірі – аудан тұрғындарын, соның ішінде алыс және таулы шағын аудандарды орталықтандырылған сумен жабдықтап, су бұру жүйесіне қосу болып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин осылай деді.

Өткен жылдың қазан айынан бастап «Балқаш» резервуарынан «Мұзтау» шағын ауданына дейін 2,2 шақырым магистральдық желі тартыла бастаған. Жобаны іске асыруға 574 миллион теңге бөлінді. Жобаның соңына таман 2 000 адам таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Жұмыс 2025 жылдың қыркүйегінде аяқталып қалады.

«Каменское плато» шағын ауданына ерекше назар аударылып отыр. Өткен жылы мұнда 6 артезиан ұңғымасы, 12 сорғы, 7 резервуар салынып, 6,1 шақырымдық магистральдық желі тартылды. Биыл жалпы ұзындығы 50 шақырым болатын тарату желісінің құрылысы басталды. Бұл шағын аудан тұрғындарын таза ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Құрылыс 2026 жылдың қыркүйегінде аяқталады.

Қосымша «Атырау», «Алатау», «Горный гигант» пен «Малая Станица» шағын аудандарында да ауқымды жобалар іске асырылады. Бұл аумақтарда 21 шақырым су құбыры мен 45,2 шақырым кәріз желісі салынып жатыр. Соның арқасында Медеу ауданындағы 21 мыңнан астам тұрғынның алғаш рет орталықтанған суға қолы жетіп, су бұру жүйесіне қосылғалы отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #су жүйесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Бүгін 22:00

«Алматы кештері» музыкалық кеші өтті

Бүгін 20:57

Алматыда Сыдық Дәулетовтің «Нар жолы» кітабы таныстырылды

Бүгін 20:52

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 19:31

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 18:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);