конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мәулен Әшімбаев ықпалды Парламент туралы: Қазақста...

Мәулен Әшімбаев ықпалды Парламент туралы: Қазақстанға жаңа билік архитектурасы не үшін керек?

Саясат 15.01.2026, 09:22 876 Дина
Мәулен Әшімбаев ықпалды Парламент туралы: Қазақстанға жаңа билік архитектурасы не үшін керек?
сурет: Ақорда

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президенттің саяси реформаларын "сингуляр нүкте" деп атап, бір палаталы Парламент құру бастамасының тарихи маңызын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл ұсыныс - орталықсыздандыру үдерісін жеделдетіп, өкілді билікті күшейтудің және әділетті саяси жүйе қалыптастырудың қисынды жалғасы.

Қазақстан Парламентіне 30 жыл толуына орай Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев көлемді талдамалық мақала жариялады. Онда ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді жаңғырту саясаты мен жаңа форматтағы Парламент құру бастамасын егжей-тегжейлі талдады.

Мәулен Әшімбаев Президент ұсынған бір палаталы Парламент тұжырымдамасын "Әділетті Қазақстан" құру жолындағы жаңа кезең деп атады. Оның пікірінше, бұл қадам өкілді институттарды күшейтіп, биліктің жеке тұлғалардың қолында шоғырлану қаупін азайтады және саяси плюрализм кеңістігін кеңейтеді.

"Президенттің бастамасы шамадан тыс орталықтанған басқару жүйесін біртіндеп жойып, қоғам мүддесі ескерілетін теңгерімді бәсекелі жүйе құруды көздейді", – деді Сенат төрағасы.

Мақалада ол бір палаталы Парламент тек техникалық өзгеріс емес, "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидатына негізделген реформалардың жалғасы екенін атап өтті.

Әшімбаев сондай-ақ Парламенттің 30 жыл ішіндегі рөлін, Сенаттың ел тұрақтылығын қамтамасыз етудегі миссиясын және цифрлық демократия дәуірінде өкілді биліктің жаңа форматта жұмыс істеу қажеттігін ерекше атап өтті.

"Электрондық үкіметтен электрондық Парламентке дейін бір-ақ қадам. Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар заң шығару процесінің ашықтығын және тиімділігін арттырады", – деді ол.

Сенат төрағасының айтуынша, реформаның түпкі мақсаты – ықпалды, көп партиялы, жоғары технологиялық және халық үніне құлақ асатын жаңа Парламент құру.

Мәулен Әшімбаевтың мақаласы - президенттік реформалардың идеологиялық әрі институционалдық түсіндірмесі, онда ол Қазақстан парламентаризмінің эволюциясын, Сенаттың тарихи рөлін және болашақ цифрлық Парламент моделін тұтас қарастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #Парламен #Мақала #Мәулен Әшімбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);