AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мәулен Әшімбаев ТМД ПАА байқаушыларымен кездесті

Мәулен Әшімбаев ТМД ПАА байқаушыларымен кездесті

Саясат 19.11.2022, 11:31 1,557 Almaty-akshamy
Мәулен Әшімбаев ТМД ПАА байқаушыларымен кездесті
Сурет: senate.parlam.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы байқаушылар миссиясының өкілдерімен кездесті. Almaty-akshamy.kz бұл туралы палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Мәулен Әшімбаев парламентшілерге Қазақстан президенті сайлауын байқауға қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ палата спикері еліміз халықаралық байқаушылардың сайлауға қатысуына үлкен мән беретінін және объективті мониторинг үшін барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.


Сенат төрағасы сайлауды толығымен ұлттық заңнамаға және осы саладағы халықаралық стандарттарға сәйкес өткізу үшін қажетті шаралар қабылданғанын тілге тиек етті. Барлық кандидат үшін сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тең жағдай жасалғаны да назардан тыс қалған жоқ.


Сонымен қатар М.Әшімбаев Парламенттің елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бағытындағы жұмысына тоқталды. Адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, билік тармақтары мен орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершіліктің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге арналған жақында қабылданған конституциялық заңдар туралы да сөз болды.



«Қабылданған конституциялық заңдар азаматтарымыздың сұранысы мен мүдделеріне сай келетін жаңа саяси модель қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенеміз. Жаңа нормалар азаматтардың мемлекеттік және саяси институттарға деген сенімін нығайтуға да ықпал етеді. Алдағы президент сайлауы қазақстандықтарды демократиялық трансформация мен реформалар идеясы төңірегінде біріктіре түседі деп үміттенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.



Өз кезегінде ТМД ПАА байқаушылар миссиясының координаторы Дилрабо Мансури сайлау процесінің жалпыға бірдей қабылданған демократиялық стандарттарға сәйкес жоғары деңгейін атап өтті. ТМД ПАА парламентшілері сенаторларға көп жылғы өзара іс-қимыл үшін алғысын білдіріп, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін де жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәулен Әшімбаев #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);