AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мәулен Әшімбаев: Конституциялық реформа – мемлекет...

Мәулен Әшімбаев: Конституциялық реформа – мемлекеттілікті түбегейлі жаңғырту

Саясат 30.01.2026, 16:45 288
Мәулен Әшімбаев: Конституциялық реформа – мемлекеттілікті түбегейлі жаңғырту
Суретті түсірген: Н.Байбулин

Бүгін Сенатта «Ұлттық мүдде» диалог алаңының «Саяси жаңғыру: Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі» тақырыбына арналған отырысы өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңіне өту кезінде конституциялық реформаның мәні мен мазмұнын, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік құрылымның жаңа моделін қалыптастырудағы рөлін талқылады.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев отырысқа қатысушыларға ілтипат білдіріп, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды конституциялық өзгерістер мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңіне өту үшін жасалған қадам және қоғамның саяси жүйені жаңартуға қатысты сұранысына берілген жауап екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл белгілі бір салалардағы өзгерістер емес, мемлекеттік модельдің мазмұны мен жұмыс істеу қағидаттарын түбегейлі қайта қарау екенін тілге тиек етті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың жуырда өткен отырысында ауқымды конституциялық реформалар туралы айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңі басталатынын жеткізді. Бұл саяси жүйемізге тек түзетулер мен толықтырулар енгізу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл әлемдегі қазіргі сын-қатерлерге бейімделу арқылы түбегейлі жаңғыруға қадам басу екені анық. Сондықтан, осындай маңызды сәтте бірлігімізді бекемдеп, Мемлекет басшысы ұсынған өзгерістерді жүзеге асыруда жұдырықтай жұмылу айрықша мәнге ие», – деді Мәулен Әшімбаев.

Палата Спикері елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа кешенді және жүйелі сипатқа ие екенін айтты. Алдағы өзгерістер парламенттік реформалар аясынан шығып, Ата Заңымызды тұтастай қамтып отыр. Оның айтуынша, қазірдің өзінде Конституцияның 80-ге жуық нормасына өзгерістер енетіні белгілі болды. Бұл басты құқықтық құжатымыздың 84 пайызын құрайды. Мәулен Әшімбаев реформаның маңызды бағыты еліміздің жоғарғы заң шығарушы органының өкілеттіктерін кеңейтуді және рөлін күшейтуді көздейтінін де атап өтті. Сондай-ақ заңнамалық процесті оңтайландыру, депутаттардың дербестігін арттыру, партиялық жүйені дамыту және саяси бәсекелестікті күшейту бағытына да баса мән беріліп отырғанына тоқталды.

Сенат Төрағасы реформа аясында мемлекет пен қоғам арасындағы келісім және диалог институты ретінде Халық кеңесін құру ұсынылғанына ерекше назар аударды. Отырыста аталған алаңда идеология, құндылықтар мен ұлттық бірлік мәселелері талқыланатыны және Кеңеске заң шығаруға бастамашы болу құқығын беру оны мазмұнды институтқа айналдыратыны сөз болды. Ұсынылған өзгерістердің қатарында вице-президент лауазымын енгізу және Конституцияның преамбуласын жаңарту туралы бастамалар да бар екеніне мән берілді. Сол арқылы мемлекеттіліктің тарихи сабақтастығын көрсетіп, Әділетті Қазақстан құруды ең жоғары мақсат ретінде белгілеу көзделіп отыр.

«Қазақстан ұлттық жаңғыру кезеңіне қадам басуда. Осы тарихи сәтте зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы ұсынған ауқымды өзгерістердің мәнін қоғамға дұрыс жеткізу аса маңызды. Қазіргідей жауапты кезеңде ұлттық бірлікті одан әрі бекемдеу өте өзекті. Қоғамды ортақ мүддеге жұмылдыру ісінде де сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Саяси жаңғыудың түпкі мақсаты – мемлекеттілік пен Тәуелсіздікті нығайту. Бұл – Әділетті Қазақстан құру жолындағы жаңа конституциялық модельге көшу кезеңі. Алдағы уақытта конституциялық реформаларды табысты іске асыруға зиялы қауым мен сарапшылар қоғамдастығы белсенді үлес қосады деп сенемін», – деді Мәулен Әшімбаев.

«Ұлттық мүдде» диалог алаңында сенаторлармен бірге белгілі филолог, қоғам қайраткері Қойшығара Салғараұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Жамаладен Ибрагимов, «Ел тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ерлан Сайлаубай, «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры Дихан Қамзабекұлы, Парламентаризм институты орталығының басшысы Шолпан Саймова, Nazarbayev University жоғары мемлекеттік саясат мектебінің доценті Серік Оразғалиев және басқа сарапшылар сөз сөйлеп, қозғалған тақырыпқа қатысты пікірлерін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конституциялық реформа #Сенат #отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы академиясы көп балалы ананы қуантты

Бүгін 12:36

Алматыда ашық ота жасамай, жүрекке жоғары технологиялық ем жүргізілді

Бүгін 12:24

Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады?

Бүгін 12:14

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Бүгін 11:47

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика