Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мәулен Әшімбаев:  Жаңа Қазақстанды құруға белсенді...

Мәулен Әшімбаев:  Жаңа Қазақстанды құруға белсенді атсалысайық!

Әлеумет 18.02.2022, 05:22 1,702
Мәулен Әшімбаев:  Жаңа Қазақстанды құруға белсенді атсалысайық!
almaty-akshamy.kz



- Президентіміздің «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына берген сұхбатын көріп шықтық. Мемлекет басшысы сұхбат барысында халқымызды мазалаған өзекті мәселелерге тоқталып, еліміздің дамуы мен болашағы туралы ойларын білдірді, - деп жазды Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.


Азаматтардың құқығын бұзғандар жазасыз қалмайды.



Қасым-Жомарт Кемелұлы қаңтар оқиғасынан кейін елімізде қалыптасқан жағдайға кеңінен тоқталып өтті. Қазір қоғамда ұсталғандарға қатысты құқықбұзушылық деректері туралы жиі айтылып жатқаны белгілі. Мемлекет басшысы бұл мәселелер бойынша бірнеше рет жиын өткізіп, нақты тапсырмалар берді. Бүгінгі сұхбатында да азаматтарымыздың құқығын қорғау және әрбір іс бойынша әділ шешім шығару аса маңызды екенін атап өтті. Президентіміз айтқандай, азаматтардың құқығын бұзғандар жазасыз қалмайды, - деді Әшімбаев. 



Сұхбатта қоғамға маңызды идеологиялық месседждер де назардан тыс қалған жоқ .



Қазіргі таңда елімізде барлық салада жүйелі реформалар жүргізіліп келеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұндағы басты мақсат - елдің әл-ауқатын арттыру, әділетті қоғам құру, олигополияны жою, саяси трансформация жасау және еліміздің экономикалық дамуын жеделдету екеніне баса мән берді. Бұл – халықтың талап-тілегі. Мемлекет басшысы төңкерісшілер осы реформаларға кедергі келтіріп, еліміздің іргесіне сызат түсіруді көздегенін айтты. Мұндай қиындықтар реформаларды шектеуге емес, керісінше, оларды қарқынды жүргізуге себеп болады деп сенеміз. Сұхбаттан Президентіміздің осындай қағидаға арқа сүйеп отырғанын байқау қиын емес. Сонымен қатар, сұхбатта қоғамға маңызды идеологиялық месседждер де назардан тыс қалған жоқ. Біз бүгінде Жаңа Қазақстанды құрамыз деген жоспардың аясына топтастық. Әрине, бұл жоспар өздігінен жүзеге аспайтыны түсінікті. Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші – біздің азаматтарымыз, олардың Отанға деген адалдығы, еңбекқорлығы мен біліктілігі, - деді ол.



Президентіміз айтқандай, қазақстандықтардың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ.



Жаңа Қазақстан – жаңа міндет, ортақ мұрат. Оған қол жеткізу үшін әрбір азамат өз саласында сапалы еңбек етуге тиіс. Қазір еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін сақтап, әрі қарай нығайту – ең басты міндет. Президентіміз айтқандай, қазақстандықтардың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ. Осы ортақ Отанымызды одан әрі дамыту және жаңарту жолында баршамыздың жұдырықтай жұмылып әрекет етуіміз аса маңызды. Құрметті достар, сондықтан елдің береке-бірлігін сақтап, сабырлық пен жауапкершілікке табан тіреп, байсалдылық танытып, бар мәселені байыппен шешуге күш жұмсауымыз қажет. Осы жолда бәріміз Президентіміздің саясатын қолдап, Жаңа Қазақстанды құруға белсенді атсалысайық! - деді ол.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Әшімбаев #Сенат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Кеше 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Кеше 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Кеше 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика