конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Мәулен Әшімбаев: АЭС - экономикалық өсімге жол аша...

Мәулен Әшімбаев: АЭС - экономикалық өсімге жол ашады

АЭС: Референдум 18.09.2024, 12:24 863 Bakyt
Мәулен Әшімбаев: АЭС - экономикалық өсімге жол ашады
aes2024.kz

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Алматы облысына жұмыс сапарымен келді.

Штаб құрамына депутаттар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері кіріп, өңірдегі кәсіпорын ұжымдарымен, кәсіпкерлермен және жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесулердің басты мақсаты — Қазақстанда АЭС салуға қатысты референдум өткізу мәселесін талқылау.

Мәулен Әшімбаев кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АЭС салу жөніндегі жалпыұлттық референдум өткізу бастамасының маңыздылығын атап өтті.

«Бүгін біз осында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу мәселесін талқылау үшін келдік. Бұл маңызды қадам — "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының нақты көрінісі. Осы референдум арқылы біз қоғамның пікірін ескеріп, елдің болашағына қатысты шешім қабылдайтын боламыз. АЭС салу Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, экологиялық таза энергия өндіруге және экономикалық өсімге жол ашады. Сондықтан қазақстандықтардың бұл бастаманы қолдайтынына сенімім мол», – деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесуде АЭС құрылысының елдің энергетикалық тұрақтылығын арттырып, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететіні айтылды. Сондай-ақ, халықтың белсенді қатысуы және референдум арқылы өз пікірін білдіруі елдің болашағы үшін маңызды шешім екені атап өтілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәулен Әшімбаев #АЭС #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Бүгін 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);