AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Мәслихат сайлауының күнтізбелік жоспары бекітілді

Мәслихат сайлауының күнтізбелік жоспары бекітілді

Ресми бөлім Кеше 17:18 34
Мәслихат сайлауының күнтізбелік жоспары бекітілді

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының отырысында 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықованың айтуынша, Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Яғни, біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша — депутаттардың жартысы, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша екінші жартысы сайланады. Жалпы Алматы қаласының мәслихатына 42 депутат сайланады.

- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 103-бабына сәйкес, мәслихат депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсыну құқығы тек саяси партияларға тиесілі. Партиялық тізімді ұсыну Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар кандидаттар қатар бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша да ұсынылуы мүмкін. Алматы қаласында осындай 21 сайлау округі бар, - деді Айгүл Қалықова.

Сонымен қатар ол кандидаттарды ұсыну құқығына саяси бірлестіктер, партиялар, қоғамдық сондай-ақ тиісті өкілеттік жарғысында көзделген жағдайда олардың бөлек, құрылымдық бөлімшелері ие екенін атап өтті. Бұдан бөлек азамат өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат ретінде ұсыныла алады.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 14 қазанда басталып, 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады. Аумақтық округтік және комиссиялары өз жұмысына кірісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Орталық сайлау комиссиясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);