AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мәскеуде Әлихан Бөкейханов туралы кітап таныстырыл...

Мәскеуде Әлихан Бөкейханов туралы кітап таныстырылды

Білім және ғылым 28.10.2022, 03:19 1,354
Мәскеуде Әлихан Бөкейханов туралы кітап таныстырылды
Сурет: Ашық дереккөз

Бұған дейін кітаптың тұсаукесері Қазақстанда өткен болатын


Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде ресейлік ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Козодойдың "Алаш" партиясы көшбасшыларының бірі, қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерінің өмірі мен қызметі туралы "Алихан Букейханов. Человек-эпоха" ("Әлихан Бөкейханов. Аңыз адам") кітабының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Автор өз еңбегінде дереккөздерді, материалдар мен фактілерді, соның ішінде бұрын ғылыми айналымда пайдаланылмаған мұрағат құжаттарын, естеліктерді, сол жылдардағы газет-журнал беттеріндегі жарияланымдарды пайдаланды.


Бұған дейін кітаптың тұсаукесері Қазақстанның бес қаласында өткен болатын. Енді, ресейлік ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен Мәскеу қаласында өтті.


Жиынды ашқан Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев бұл кітапты Әлихан Бөкейханов тұлғасының алғашқы терең және тұтас ғылыми зерттеуі деп атады. Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және қалың бұқараға ақпарат беру аясында Алаш қозғалысы қызметінің көптеген қырлары ашылмағанын еске салды. Осыған байланысты, бұл кітап Қазақстанның Тәуелсіздігін болжаған тарихи оқиғаларды зерттеуге елеулі үлес қосты.


Шара барысында Ермек Көшербаев Виктор Козодойға 2-дәрежелі "Достық" орденін және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатын табыс етті.


Өз кезегінде ғалым Қазақстан басшылығына жоғары марапаты үшін алғыс айтып, кітапты екі ел халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан қарапайым үлесі деп атады. Оның пікірінше, Әлихан Бөкейхановты Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де тарихи қайраткері деп санауға болады, өйткені ол Мемлекеттік Думаға сайланды, Бүкілресейлік ұйымдардың жұмысына және Бүкілресейлік мәселелерді шешуге қатысты.


Сөз соңында Виктор Козодой кітаптың қазақ тіліне аударылғанын айтып, жақын арада оның жарық көруіне үміт білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #Әлихан Бөкейхан #Мәскеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

Бүгін 15:35

Депутаттар волонтерлік қызметті еңбек өтіліне енгізуді ұсынды

Бүгін 15:29

Мәжілісте депутат онлайн сауданың экологияға әсерін көтерді

Бүгін 15:22

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 14:29

Енді мемлекеттік қызметкерлер 4-ақ күн жұмыс істеуі мүмкін

Бүгін 14:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика