конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Мәскеу локдаунға жабылды

Мәскеу локдаунға жабылды

Әлем 22.10.2021, 03:26 1,238
Мәскеу локдаунға жабылды
Сурет: Vzsar.ru

Ресейде коронавирус күшейіп тұр


Мәскеуде 11  күндік локдаун жарияланды. Осы мерзім ішінде дәріханалар мен халыққа қажетті зат сататын дүкендер ғана ашық болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Ресейде коронавирус өрши түсті. Елде жаппай вакциналау жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, нәтиже аз. Керісінше, жағдай одан әрі ушығып барады. Күн сайын ковид жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артып жатыр. Осыған байланысты бүкіл ел бойынша демалыс күндері енгізілетін болды.



«Қазір індеттің жаңа толқынына тегеурінді тойтарыс беру өте маңызды. Осы ретте 30 қазан мен 7 қараша аралығында бүкіл ел бойынша демалыс жариялау туралы ұсыныстарыңызды қолдаймын», - деді Ресей Президенті Владимир Путин.



Ел Президенті Владимир Путин өңір басшыларына қажет болса қосымша шара қабылдауға болатынын да қадап айтты. Мұны ескерген Мәскеу мэрі шұғыл шешім қабылдап, қазанның 28-інен бастап қалада локдаун орнайтынын жариялады. Оған сәйкес, кәсіпорындар жұмысын тоқтатады. Бұқаралық шара өткізуге тыйым салынады. Ал мектеп оқушылары демалысқа кетеді. 11 күн бойы қалада азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана қызмет көрсетеді. Елдегі эпидахуалдың тым нашарлап кетуі вакциналау қарқынының төмендігімен байланысты. Билік өкілдері тұрғындарды тезірек екпе алуға шақырып жатыр. 



«Тағы да қайталап айтамын. Вакцина инфекцияға шалдығуды әрі өлім қаупін азайтады. Осы ретте вакциналау қарқынын арттыру керек екеніне өңір басшыларының назарын аударғым келеді. Ал азаматтарымызды екпе салдыруға шақырамын», - дейді Ресей Президенті Владимир Путин. 



Қазір дәрігерлер мен сарапшылар індеттің төртінші толқыны алдыңғыларына қарағанда әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді.



«Қазіргі таңда науқастардың денсаулығы тым тез нашарлап кетіп жатыр. Бұрын мұндай жағдай тек егде адамдар арасында байқалса, бүгінде ауыр халде жатқандар қатарында 30 жастағы азаматтар көп. Осыған қарап, қазіргі коронавирустің әлдеқайда қауіпті екенін айтуға болады», - дейді бас дәрігер Егор Лукьянов.



Көрші елде инфекцияға шалдығу көрсеткіші 24 қыркүйектен бастап өсіп келеді. Күн сайын 30 мыңнан астам адамнан вирус анықталады. Бүгінде олардың жалпы саны 8 миллионнан асады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#локдаун #көрші ел #коронавирус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

Бүгін 18:30

Алматыда жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік тулармен, арт-перформанстармен және бұқаралық акциялармен атап өтілді

Бүгін 17:40

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Бүгін 17:36

Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің берік тұғыры

Бүгін 17:23

Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);