Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Маска режимін қандай орындарда сақтау керек?

Маска режимін қандай орындарда сақтау керек?

Медицина 15.03.2022, 06:53 2,348
Маска режимін қандай орындарда сақтау керек?
Сурет: Dw.com

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты


ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша, маска режимі сақталуы тиіс нысандарға қойылатын талаптар белгіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«Осы қаулыға қоса берілген 1-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге қойылатын талаптарды сақталсын», - делінген қаулыда. Ол талаптар мынадай:


1. Жұмыс орындарын және келушілер үшін бөлмелерін тұрақты желдетіп отыру қажет.


2. Объектінің үй-жайларына маскасыз кіруге жол берілмейді, ғимаратқа келушілердің 5 жасқа дейінгі балалардан басқалардың бәрі міндетті түрде маска киюі қамтамасыз етіледі.


3. Кіреберісте, холда, санитарлық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады.


4. Органның (ұйымның) әкімшілігі: 1) санитарлық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер); 2) жұмыс күні ішінде маскаларды оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалануды; 3) антисептиктермен жұмыс орындарын; 4) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді қамтамасыз етеді.


5. Объектілердің аумағы және барлық үй-жайлар таза ұсталады, күн сайын қоқыстан және ластан тазартылады.


6. Барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен желдету жүргізіледі.


7. Дезинфекциялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тіркелген және белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.


8. Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілетін нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады.


9. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.


10. Техникалық персонал (тазалаушы әйелдер) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық масканы пайдалана отырып жүргізеді.


11. Денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар дезинфекциялық құралдармен жұмыс істейді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бетперде #маска #талаптар #Қаулы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика