Марат Ахметжанов: Заңсыз қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды

Марат Ахметжанов: Заңсыз қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды Inform.kz

Заңсыз қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Заңсыз қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар не әкімшілік, не қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұл заңмен көзделген. Сондықтан табылған қару-жарақты полицияға тапсыруға шақырамын», - деді министр.



Сонымен қатар ұрланған қару-жараққа қатысты кез келген ақпаратты «102» немесе 72-22-45 нөмерлеріне хабарлауды сұрады.



«Елімізде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті іс-шара қабылдануда», - деп аяқтады сөзін Марат Ахметжанов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:56

17:41

16:38

15:06

14:32

12:33

11:15

10:33

09:24

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17

16:01

15:41

15:18

15:02

14:49

14:35

14:22

14:10