Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Мақсат Сләмбековті еске алуға арналған республикал...

Мақсат Сләмбековті еске алуға арналған республикалық турнир өтті

Спорт 15.04.2024, 10:43 1,074
Мақсат Сләмбековті еске алуға арналған республикалық турнир өтті
Сурет:Almaty.tv

Жиналған қаражат марқұмның отбасына табыс етілді




Алматыда БАҚ өкілдері арасында өмірден ерте өткен белгілі журналист Мақсат Сләмбековті еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған ала доп бәсекесінің ауқымы кеңейіп, республикалық деңгейде насихатталды. Жарыста Қызылорда, Шымкент, Талдықорған және жергілікті БАҚ өкілдерінен барлығы 10 команда төбе көрсетіп, арда азаматты еске алды. Турнир «Алматы» телеарнасының 25 жылдығы аясында өткізілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Танымал журналист Мақсат Сләмбеков – бүкіл саналы ғұмырын телевизия саласына арнаған жан. Еңбек жолын «Алматы» телеарнасынан бастады. Он жылдан аса еңбек етіп, «Тарих таразысы», «Қыл көпір», «Жекпе-жек», «Емшілер», «Кәсіп көзі» секілді бағдарламаларды көрермен назарына ұсынып, телеарнада редактор, продюсер, менеджер қызметтерін атқарды. Телеарнаның дамуына елеулі үлес қосып, көрермен көңілінен ерекше орын алған әріптесті еске алу іс-шарасына Мақсат Сләмбековтің анасы келіп, ұлының әріптестеріне алғыс айтты. Жиналған командаларға сәттілік тіледі.



– Балама жақсы тәрбие бердім деп ойлаймын. Өсірдім. Жеткіздім. Бүгін турнирге 10 команда қатысып жатыр, болашақта іс-шараның ауқымы кеңейе берсін, – деді М. Сләмбековтың анасы Үмітжан Сләмбекова.


Жасыл алаңда жасындай жарқылдаған Мақсат Сләмбековты әріптестері үздік қақпашы ретінде жақсы таниды. Қазақ журналисін «Бартез» деп те атап кеткені бекер емес.  Өйткені оның алаңдағы шеберлігі бір бөлек, нағыз капитанға сай болмысы да командасына сенімділік ұялататын.



– Биыл – ерекше жыл. Себебі «Алматы» телеарнасына 25 жыл толды. Осыған орай, БАҚ өкілдері арасында әріптесіміз Мақсат Сләмбековты еске алуға арналған турнир ұйымдастырып жатырмыз. Мерейтой аясында 50-ге жуық іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді «Алматы» телеарнасының бас продюсері Ралида Мұқанова.


Әріптестер арасындағы достық турнирінде командалар 2 топқа бөлініп, мықтыны анықтады. Бабы мен бағы қатар шапқан Талдықорғандық «Қарекет» құрамасы жүлделі бірінші орынды иеленсе, «Оңтүстік» командасы екінші және «Спорт+ ҚАЗАҚСТАН» арнасы үшінші орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ үздік қақпашы, шабуылшы номинациялары бойынша да сыйлық тарту етілді.



– Мақсат аға – өте дарынды қақпашы, білікті маман. Жасыл алаңда бірге ойнадық. Бүгін чемпион болып жатырмыз. Менің ғана еңбегім емес, командама алғыс білдіремін, – деді  «Қарекет» командасының капитаны Самат Есентайұлы.


Турнир қайырымдылық сипатта болды. Жиналған қаражат марқұмның отбасына табыс етілді. Жарыс соңында жиналғандар арда азамат жайында естелік айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Мақсат Сләмбеков #футбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика