AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Маңғыстауда жұмысшы мамандықтарына сұраныс артуда

Маңғыстауда жұмысшы мамандықтарына сұраныс артуда

Әлеумет 09.01.2025, 14:06 730
Маңғыстауда жұмысшы мамандықтарына сұраныс артуда
Сурет видео скрині

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және өңірлік штаб өз жұмысына кіріскенін хабарлады. 

2025–2026 жылдары оқу-зертханалық корпусын ашу, жаңа идеялар хакатонын, халықаралық «DostiSkills-2025» салалық чемпионатын, халықаралық салалық аккредиттеуді өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ ІТ hub және жұмыс берушілердің қолдауымен құзіреттер орталығын ашу, бизнестің нақты сұраныстары бойынша нысаналы білім беру тапсырысын ұлғайту және өңір колледждерінде жаңа мамандықтар ашу қарастырылған. 

Атап айтқанда, Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», О. Тұрмағамбетұлы атындағы Маңғыстау индустриялық-техникалық колледжі «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандығы бойынша кадр даярлайды.
 
Қазіргі уақытта колледждердің білім беру бағдарламалары Жаңа мамандықтар атласының өзекті талаптарына сай болу үшін жаңартылуда.

«Өңірде 2022 жылы еңбек нарығына сай жаңа мамандықтар ашу, жұмыспен қамтудың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында “Жаңа мамандықтардың атласы” іске асырылып, сұранысқа ие білім беру, туризм, мұнай-газ саласындағы мамандықтар айқындалды. Нысаналы қаржыландыру шеңберінде Есенов атындағы университет жоғары оқу гранты негізінде былтыр және биылғы жылдарға Маңғыстау облысының жаңа кәсіптер мен құзіреттіліктер атласы жұмыстары жалғастырылуда. Осы жылға құрылыс, энергетика, логистика салаларына басымдық беріліп отыр. Қазіргі таңда осы Атласқа сәйкес техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының білім беру бағдарламалары бойынша микробіліктіліктерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Колледждерде салаға бейіндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Білікті мамандарды даярлау 89 мамандықтың 129 біліктілігі бойынша оқытылуда. 2024-2025 оқу жылына 65 мамандықтың 92 біліктілігі бойынша 5615 орынға, бұл 90%-ы мемлекеттік білім беру гранты бөлінді. Оның ішінде 70 жұмыс беруші мен колледж арасында келісім-шарт негізінде нақты сұранысына сәйкес мемлекеттік білім беру грантына 580 студент қабылданды. Ол біздің өңірдегі “Казкор-Транссервис”, “Өзенспецстрой”, “ҚазАзот” секілді ірі-ірі мекемелер», — деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Колледждердің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 2025 жылға қарай Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжінде емхананың бұрынғы ғимаратын оқу-зертханалық корпусқа қайта жоспарлау жүргізілуде, Бейнеу ауданындағы екі колледж үшін жаңа ғимаратты жобалау дайындалуда. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#колледж #Студент #мамандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 12:30

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығы отбасыларды сақтап, балаларды ата-анасына қайтаруға көмектесіп жатыр

Бүгін 12:19

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығына былтыр 1,3 мыңнан астам өтініш түсті

Бүгін 12:16

1 сәуірден бастап Алматы мен бүкіл Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау жұмысы толық автоматтандырылған іріктеу жүйесіне көшеді

Бүгін 12:04

Дональд Трамп Тоқаевқа хат жолдады

Бүгін 11:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика