конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Маңғыстауда йогурт тиелген жүк көлігі аударылып ке...

Маңғыстауда йогурт тиелген жүк көлігі аударылып кеткен: жүргізуші тауарды тегін таратты (ВИДЕО))

Оқиға 15.12.2025, 17:28 660 Дина
Маңғыстауда йогурт тиелген жүк көлігі аударылып кеткен: жүргізуші тауарды тегін таратты (ВИДЕО))
сурет: видео кадры

Маңғыстау облысында Бейнеу – Боранқұл тасжолында йогурт тиелген жүк көлігі аударылып қалды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, жұрт назарын аудартты, деп хабарлайды AqshamNews.kz тілшісі. 

Ақпаратқа сәйкес, жүк көлігі Боранқұл ауылы маңындағы 64-разъезд аумағында жолдың көктайғақ болуына байланысты аударылған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші жағдайды жергілікті тұрғындарға жеткізуді сұрап, шашылып қалған өнімді тегін тарата бастаған.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасын растады. Ведомствоның мәліметінше, апат 7 желтоқсанда сағат 14:20 шамасында болған. Тіркемесі бар Scania жүк көлігінің жүргізушісі тайғақ жолда рульге ие бола алмай, соның салдарынан көлік аударылып кеткен.

Полиция хабарлауынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда жүргізушіге ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 20 АЕК көлемінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салынған.

Сонымен қатар тараған мәліметтерге қарағанда, шашылған «Нежный» маркалы йогурттарды тұрғындарға тарату шешімі жүргізуші мен жүк иесі арасында келісілген болуы мүмкін. Өнім тез бұзылатын санатқа жататындықтан, қаптамалардың бір бөлігі зақымданып, сақтау мерзімі шектеулі екені де айтылды.

Полиция департаменті жүргізушілерді қыс мезгілінде, әсіресе көктайғақ кезінде жолда аса мұқият болуға тағы да шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жүк көлігі #апат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Бүгін 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);