AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Маңғыстау облысындағы мектепте балалар жаппай улан...

Маңғыстау облысындағы мектепте балалар жаппай уланып қалды

Оқиға 08.09.2024, 09:21 3,638
Маңғыстау облысындағы мектепте балалар жаппай уланып қалды
www.lada.kz

Бұл жағдайға Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.

Бесшоқы (бұрынғы Маңғыстау-5) ауылындағы №8 мектепте 1-4 сынып оқушыларының алғашқы ауысымында жаппай улану жағдайы орын алғанын бір бастауыш сынып оқушысының туысы хабарлады.

"Менің қарындасым мектептен шаршап келіп, ұйықтағысы келетінін айтты. Кешке оянғаннан кейін оған жүрек айну сезімі келіп, температурасы 39,2°C-қа дейін көтерілді. Біз оны Маңғыстау ауылындағы ауруханаға өзіміз апардық," - деді қыздың ағасы.

1-сынып оқушысының туыстарының айтуынша, Бесшоқы ауылындағы аурухана толып кеткен, кезек пайда болған. Олардың айтуынша, онда 50-ден астам бала болған. Маңғыстау ауылындағы медициналық мекемеде 35-40 оқушы болғанын көрген. Кейбіреулер өз балаларын Ақтаудың 26-шы шағын ауданында орналасқан Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 6 қыркүйек кешінен бастап №8 мектептің 21 оқушысының ата-аналары іштің ауырсынуы және дене қызуының көтерілуі шағымдарымен жедел жәрдемге жүгінген.

13:15-ке дейін 58 бала медициналық көмекке жүгінген. Клиникада 26 бала ем қабылдап жатыр, үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында 27 бала бар, ал 5 бала ауруханада жатыр.

Балалардың жаппай улануына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады

Аймақта бірлескен арнайы штаб құрылып, ауруханаға облыс әкімінің орынбасары Звира Есбергенова барды.  

Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстаудағы оқушылардың жаппай улану жағдайын бақылауға алды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Оқиға орнына облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясынан он негізгі және екі қосымша бригада, сондай-ақ Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының төртінші категориялы бес шақыру бригадасы жіберілді», — деп жазды министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#маңғыстау #мектеп #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);