конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Оли...

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама алды

Спорт 30.03.2025, 14:13 888
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама алды
Сурет: Olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Бостон (АҚШ) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы үшінші орында тұрған еді. Нәтижесінде ол өз көрсеткішін жақсартып, жоғары көтерілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. 

Еркін бағдарламада Шайдоров төрешілердің шешімі бойынша 192,70 ұпай жинады (жеке рекорд). Жалпы есепте ол 287,47 ұпайға (жеке рекорд) қол жеткізіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Әлем чемпионатының алтын медалін қатарынан екінші рет америкалық Илья Малинин жеңіп алды – 318,56 ұпай. Ал жапониялық Юма Кагияма үздік үштікті қорытындылады – 278,19 ұпай.

Айта кетейік, Шайдоров ересектер арасындағы әлем чемпионатында өз мансабындағы ең үздік нәтижесін көрсетті. Бұған дейін оның қоржынында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдесі болған. Сондай-ақ, биылғы маусымда ол 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль еншілеп, Төрт құрлық чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды.

Мәнерлеп сырғанаушы 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады. Ол үшін спортшы әлем чемпионатында үздік 24 спортшының қатарына енуі қажет болатын.

Қазіргі уақытта ISU тарапынан Олимпиадаға жолдама алған спортшылардың ресми тізімі жариялануы күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Михаил Шайдоров #мәнерлеп сырғанаушы #олимпиадаға жолдама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Байсерке аспаны – 2026»: авиациялық шоуға 10 мыңға жуық көрермен жиналды

Кеше 18:00

ҚазҰУ-да жасанды интеллект саласындағы халықаралық симпозиум өтті

Кеше 17:57

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

Кеше 17:54

Құрылтай сайлауы туралы барлық ақпарат бір сайтта: Абай Сейфулла «Құрылтай LIVE» платформасын іске қосты

Кеше 17:25

Үй жануарларын есепке алу ережелері өзгерді

Кеше 17:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);