Мандарин, манты, оливье: жаңа жылдық дастарханға қанша қаражат кетеді?

  • 09:30, 23 желтоқсан 2025
Мандарин, манты, оливье: жаңа жылдық дастарханға қанша қаражат кетеді? сурет: ЖИ

Жыл аяғына таяғанда жаңа жылды қарсы алуға көпшілік ертерек қамдана бастайды. Дастарханға қажет азық-түлік тізімін тізіп, үйді де сәндеуге кіріседі. Биыл жаңа жылдық дастарханға қажет дүниелерді алуға қанша қаражат кетеді? Аqshamnews.kz тілшісінің есептеуіне сүйеніп, қаржылай жоспарлауыңызды жеңілдетіп көріңіз. 

Алдымен не әзірлейтінімізді шешейік…

Жаңа жылдық бюджетті нақты жоспарлау үшін ең алдымен дастархан мәзірін бекітіп алған дұрыс. Біз есептеуде көпшілік жиі әзірлейтін әрі тойымды тағамдарды негізге алдық: шамамен "подшуба", "оливье" салаттары, бауырсақ, самса, құймақ, негізгі ас ретінде мантыны, тауық пен қазыны, сондай-ақ, жеміс-жидек пен десерттерді тізімге алып көрелік. 

Осы мәзірді ыңғайлы болу үшін үш бөлікке бөліп қарастырайық:

1) Салаттар (суық тағамдар):

  • "Подшуба" салаты: тұздалған майшабақ, қызылша, картоп, сәбіз, пияз, майонез.

  • "Оливье": картоп, сәбіз, жұмыртқа, шұжық немесе ет, тұздалған қияр, жасыл бұршақ, майонез, дәмдеуіштер.

2) Ыстық тағамдар мен қамыр өнімдері:

  • Манты: ұн, су, тұз, ет (сиыр/қой), асқабақ, пияз, бұрыш.

  • Самса: ұн, май (сары май/маргарин), ет, пияз, тұз, бұрыш.

  • Бауырсақ: ұн, сүт/су, ашытқы, жұмыртқа, қант, тұз, өсімдік майы.

  • Құймақ: ұн, сүт, жұмыртқа, қант, тұз, өсімдік майы.

3) Қосымша дастархан:

  • Негізгі ет: тауық, қазы.

  • Жеміс-жидек: мандарин, апельсин, ананас, алма, банан, жүзім, анар, киви (қалауыңызға қарай).

  • Десерттер: торт/пирог, пішінәй, шоколад-кәмпит, кептірілген жемістер, жаңғақ.

Осы тізім – орташа отбасыға арналған "классикалық" жаңа жылдық мәзір. Егер қонақ көп болса, тек көлемін көбейту жеткілікті (құрамы өзгермейді).

Керек азық-түліктің супермаркеттегі орташа бағасы қанша?

Нақты баға дүкенге және қаладағы ұсынысқа байланысты өзгеретіні белгілі. Сондықтан бұл бөлімді "қанша түрлі азық-түлік керек?" және "қай санатқа көбірек бюджет керек?" деген логикамен құрып отырмыз. 

Есептеуге ыңғайлы болу үшін азық-түлікті 6 санатқа бөліп жазып шықтық:

1) Көкөніс пен базалық өнімдер

  • Картоп, сәбіз, қызылша, пияз

  • Қияр (тұздалған/маринадталған)

  • Көк шөптер (аскөк, ақжелкен)

  • Сарымсақ, лимон (қосымшаға)

Бұл санат "подшуба" мен "оливьеге" және гарнир-қосымшаларына кетеді. Көлемі көп болғанымен, көбіне бағасы қолжетімді.

2) Ет және ет өнімдері

  • Ет (манты + самса үшін: сиыр/қой)

  • Тауық (қуыруға/пісіруге)

  • Қазы

  • "Оливье" үшін шұжық немесе тауық еті

Дастарханның ең қымбат бөлігі әдетте осы санат болады. Әсіресе қазы, еттің сапасына қарай баға қатты құбылады.

3) Сүт өнімдері мен жұмыртқа

  • Жұмыртқа (оливье + құймақ+ бауырсаққа)

  • Сүт (құймақ/қамырға)

  • Қаймақ (мантыға, соусқа)

  • Сары май/маргарин (самса қамырына)

Бір қарағанда ұсақ көрінеді, бірақ бірнеше тағамға бірдей кететіндіктен, чекке әсер етеді.

4) Ұн-тоқаш және қамырға керек азық

  • Ұн (манты + самса + бауырсақ + құймақ – бәріне ортақ)

  • Ашытқы (бауырсаққа)

  • Қант, тұз

  • Өсімдік майы (қуыруға, қамырға)

Ұн мен май – міндетті позициялар. Біреуі таусылса, бірден бүкіл жоспар "тежеліп" қалады.

5) Соус/консерві/дәмдеуіш

  • Майонез (2 салатқа)

  • Жасыл бұршақ консерві

  • Зәйтүн/маслина (қалауыңызға қарай)

  • Тұз, қара бұрыш, паприка/дәмдеуіштер

6) Жеміс-жидек және тәтті

  • Мандарин, апельсин

  • Алма, банан, жүзім, анар, киви

  • Торт/десерт, пішінәй, шоколад-кәмпит

  • Жаңғақ, кептірілген жеміс (қаласаңыз)

Жаңа жылда жеміс пен тәтті міндетті түрде көп алынады. Десертті дайын алу бюджетті өсіруі мүмкін, ал үйден пісіру үнемдеуге көмектеседі. Сондай-ақ, алкогольді суындардың ішінен аққайнар (шампан) шарабын да қосып көрдік. 

Жалпы соманы онлайн-дүкендегі бағалармен жуықтап отырып есептеп көрдік. Жалпы азық-түлік шығыны = (көкөніс) + (ет) + (сүт/жұмыртқа) + (ұн/май) + (консерві/соус) + (жеміс/тәттіні) қосқанда кемі - 80 060 теңге шықты. 

Үйді сәндеуге қанша қаражат кетеді?

Дастарханнан бөлек, жаңа жылдық атмосфераны үйдің сәні айқындайды. Бұл жерде де шығын көлемі әркімнің талғамына байланысты: біреуге шағын гирлянда жеткілікті болса, енді бірі толық декор жасайды. Біз ең жиі алынатын 3–4 негізгі затты алып, шамамен есептеуге ыңғайлы тізім ұсынамыз.

Шырша, жарықшамдар, шыршаға ойыншықтар, атмосфералық ұсақ-түйектер

  • Табиғи шырша немесе жасанды шырша бағасы - шамамен 20 мыңнан 100 мың теңгеге дейін

  • Терезеге/қабырғаға арналған жарықшамдар және ойыншықтар- шамамен 1500-5000 теңге көлемінде

Жалпы алғанда үйде толықтай жаңа жылдық атмосфера орнату үшін кемі 50 мың теңге жұмсау қажет болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет жаңа жыл қарсаңында халық көп сатып алатын өнімдер бойынша арнайы есеп жүргізгенін мәлімдеген болатын. Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаевтың айтуынша, талдау жаңа жылдық "азық-түлік себетіне" кіретін сұранысқа ие 37 атаулы өнім бойынша жасалған. Оның ішінде екі ыстық тағамға қажет негізгі өнімдер – тауық еті мен ет те бар. 

Ведомствоның дерегінше, былтыр мұндай себеттің орташа құны шамамен 68 мың теңге болса, биыл 70 мың теңге көлемінде бағаланып отыр. Министрлік өкілі баға өсімі "қалыпты сипатта" екенін, кейбір тауарлар арзандап, кейбірі сәл қымбаттағанын айтып, жалпы нарықтағы жағдай тұрақты екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:05

10:49

10:34

10:29

10:23

10:14

09:55

09:43

09:39

09:30

09:10

09:06

08:52

08:30

19:23

18:00

17:50

17:40

17:15

17:06

16:50

16:41

16:29

16:08

15:43