Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Мамырдың 3-і күнгі ауа райы болжамы

Мамырдың 3-і күнгі ауа райы болжамы

Өмір-өзен 03.05.2022, 02:04 1,421
Мамырдың 3-і күнгі ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейеді


«Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 3-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 3 мамырда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, елдің таулы аудандарында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады.


Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, күндіз таулы аудандарда бұршақ жауады.


Түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.


Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с жылдамдықпен есіп, екпіні 25 м/с болады.


Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, облыстың батысында – желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.


Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Ақтөбе облысының шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.


Қостанай облысының шығысында тұман түседі, облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.


Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.


Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды.


Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.


Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.


Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қазгидромед #жел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика