AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мамырда ауа райы қандай болады?

Мамырда ауа райы қандай болады?

Әлеумет 02.05.2025, 10:13 827 yakiya
Мамырда ауа райы қандай болады?
Сурет: Pixabay.com

Алғашқы онкүндікте жаңбыр, найзағай, екпінді жел болады.

«Қазгидромет» мамандары мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мамыр айында Қазақстанның басым бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1°С-қа жоғары болады деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында, Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында, сондай-ақ Жетісу мен Абай облыстарында температура нормамен шамалас болады.

Мамырдағы жауын-шашын мөлшері республиканың көп өңірлерінде нормадан төмен болады деп болжанады. Ал еліміздің солтүстік-батыс, солтүстік аймақтарында, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу мен Абай облыстарының оңтүстік-шығысында жауын-шашын мөлшері нормаға жуық жауады.

Мамырдың бірінші онкүндігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауылдар болуы мүмкін. Тек кей күндері республика бойынша аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Температура мынадай диапазонда болады деп болжанады:

Батыс өңірде түнде +4…+9°С-тан +9…+14°С-қа дейін, күндіз +15…+20°С-тан +22…+30°С-қа дейін;
Оңтүстік-батыста түнде +10…+15°С-тан +12…+20°С-қа дейін, күндіз +20…+25°С-тан +25…+33°С-қа дейін;
Солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде 0…+5°С, кей жерлерде 1–6°С үсік, кейін +8…+15°С-қа дейін, күндіз +10…+18°С-тан +23…+30°С-қа дейін;
Елдің оңтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, түнде +5…+12°С-тан +15…+20°С-қа, күндіз +18…+25°С-тан +28…+35°С-қа дейін жетеді.
Мамырдың екінші және үшінші онкүндіктерінде елдің көп бөлігінде түнгі температура +2…+7°С-тан +10…+15°С-қа дейін, күндіз +10…+15°С-тан +25…+30°С-қа дейін ауытқиды. Суық антициклонның өтуіне байланысты кейбір күндері түнгі уақытта 1–6°С-қа дейін үсік жүруі мүмкін.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28…+36°С-қа дейін көтеріледі, алайда мұндай ыстық күндер ауысып, температура +20…+25°С-қа дейін төмендейтін салқын күндермен алмасуы мүмкін. Арктикалық ауа массаларының енуіне байланысты топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік жүру ықтималдығы бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #мамыр #синоптик
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді

Бүгін 15:28

Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады

Бүгін 15:25

Маусым айының алғашқы онкүндігінде III Архившілер конгресі өтеді.

Бүгін 15:19

Мемлекет басшысы дәстүрлі өнерді, әсіресе, жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беру қажет деп санайды

Бүгін 15:15

Президент ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отыратынын айтты

Бүгін 15:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);