AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған қазақстандықтарға...

МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған қазақстандықтарға 12 айлық жарна төленеді

Медицина 22.06.2022, 13:13 1,874 Almaty-akshamy
МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған қазақстандықтарға 12 айлық жарна төленеді
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгінде 3 млн адам МӘМС жүйесінде тіркелмеген


Қазақстанда МӘМС-ке тіркелмегендерді жүйеге тартудың баламалы тетігін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елордада өткен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесінде түзетуді талап ететін тұстары да жоқ емес. Соның бірі халықты МӘМС жүйесімен толық қамту мәселесі. Бүгінде 3 млн адам МӘМС жүйесінде тіркелмеген, яғни сақтандырылмаған. Біз өңірлерді аралап жүрміз. Ешқандай жүйеде тіркелмеген, сәйкесінше тиісті медициналық көмекті ала алмай жүрген адамдар бар. Бұл әсересе елдімекен тұрғындарына қатысты. МӘМС жүйесін жетілдіре түсуде өңірлердегі инфрақұрылым мен медициналық мекемелердің тиісті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі де маңызды», - деді Ажар Ғиният.


Сондай-ақ, министр МӘМС жүйесінің алға басуында кадр мәселесінің де барын айтты. 


«Медицина саласында цифрландыруды қарқынды түрде енгізу керектігін естен шығармаған жөн. Депутаттық корпустың қолдауымен жақын арада сақтандырылмаған халықты МӘМС жүйесіне тартудың баламалы тетігін енгізу жоспарланып отыр. Оған сәйкес жүйеде тіркелмеген адамға алдын ала 12 айлық жарна төлеу қарастырылып отыр», - дейді ведомство басшысы.


 Бұған дейін хабарлағанымыздай елімізде жоғары технологияның көмегімен ота жасау 3 есе артқан. Одан бөлек, Қазақстанда өлім-жітімнің 5 пайыз азайғаны айтылды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС #министр #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика