AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Мальдив аралдарына 85% жеңілдікпен қалай баруға бо...

Мальдив аралдарына 85% жеңілдікпен қалай баруға болады?

Керек кеңес 16.02.2024, 04:38 1,407
Мальдив аралдарына 85% жеңілдікпен қалай баруға болады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Саяхатшылар сапарлайтын айларды дұрыс таңдаса, Мальдив аралдарына 85% жеңілдікпен бара алады.


Travel + Leisure мәліметінше, 2023 жылдың соңында Bounce зерттеу нәтижелерін жариялады. Онда әлемнің танымал туристік бағыттарының ең арзан кезеңдері көрсетілген.


Нақты мерзімді анықтау үшін Bounce 70 танымал туристік орынның тізімін жасақтады. Содан кейін жыл айлары мен апта күндері бойынша қонақүйдің орташа құнын табу үшін Kayak туристік іздеу жүйесін пайдаланды. Осы мәліметтердің негізінде жылдың ең арзан және ең қымбат айларында үш жұлдызды қонақүйдің орташа баға айырмашылығын есептеді.


Bounce деректерді талдау барысында жыл мезгілі саяхат құнына қалай әсер ететінін зерделей келе "қаңтар - ең арзан ай" деген қорытындыға келді. Яғни қаңтар айында ақшаңызды үнемдеп, 15 түрлі қалада төмен бағада демала аласыз. Бұлардың қатарында Лондон, Амстердам және Берлин сияқты танымал туристік бағыттар бар.


Екінші орынға ақпан айы тұрақтады. Дәл осы айда Нью-Йорк, Париж және Миланды қоса алғанда, 12 түрлі қалада төмен бағада саяхаттауға болады. Сондай-ақ Мальдив аралдары сияқты қымбат бағыттарды таңдаған саяхатшылар қаңтардан тамыз айына дейін барса, 85 пайызға дейін үнемдей алады.


Енді саяхаттау арзанға түсетін күндерге келер болсақ, зерттеу қорытындысы таңғалтпай қоймайды. Себебі көптеген адамда сенбі күні саяхатқа шығу қымбатқа түседі деген пікір қалыптасқан. Сонымен туристер сенбіде Лас-Вегас, Дублин және Милан сияқты орындарды қоса алғанда, 17 қалада ең арзан бағада тұра алады екен.



"Бұл әртүрлі факторларға байланысты болуы мүмкін. Оның ішінде демалыс күндері іссапарларға сұраныстың төмендігі де әсер етуі ықтимал. 2022 жылғы зерттеуімізде де сенбі - ең арзан күн болды", - деп атап өтті компания.



Жексенбі, жұма және дүйсенбі күндері екінші орыннан көрінді. Аптаның дәл осы күндері Прага, Барселона, Рим, Сингапур және Майами сияқты ірі бағыттарды қоса алғанда, 10 түрлі қалаға тиімді бағада саяхаттауға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турист #Мальдив #саяхат #сапар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Кеше 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Кеше 17:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика