AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Максим Рожин: Қазақ тілі қазір қоғамның негізгі ті...

Максим Рожин: Қазақ тілі қазір қоғамның негізгі тіліне айналып келеді

Әлеумет 29.04.2022, 06:00 1,705
Максим Рожин: Қазақ тілі қазір қоғамның негізгі тіліне айналып келеді
inform.kz

«Мен шетелдік саясаткерлердің Қазақстанда орыс тіліне және өзге де тілдерге қатысты үрей бар деген уәждерін наразылықпен қабылдаймын». Қазақстан Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Максим Рожин осындай пайым айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Бүгінде елімізде мемлекет тарапынан кез келген этносқа өзінің тілін, өзінің мәдениетін білуге барлық жағдайлар жасалған. Оның бір дәлелі - елімізде орыс, өзбек, ағылшын, неміс тілінде жұмыс істейтін орта мектептер бар. Әлемде мемлекеттік бюджет қаржысынан балаларды туған тілінде оқытуға ақша бөлетін елдер саусақпен санарлық шығар. Менің ойымша, Қазақстан – сондай мемлекеттердің бірі. Оған біздегі орыс тілінде, ағылшын тілінде, неміс, өзбек тілдерінде білім беретін мектептер мысал бола алады. Сондықтан мен шетелдік саясаткерлердің Қазақстанда орыс тіліне және өзге де тілдерге қатысты үрей бар деген уәждерін наразылықпен қабылдаймын. Мен тегі орыс қазақстандық ретінде ондай репликаларға жол жоқ деп есептеймін. Бұл еліміздегі шынайы көріністі бұрмалап көрсету екеніне сенімдімін», - деді ол Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында.



Сондай-ақ, ол халықтың мемлекеттік тілге бет бұрғанын, осы тенденциядан мемлекеттік қызметшілер де қалыспауы керектігін атап өтті.



«Біз қазір Халықаралық қазақ тілі қоғамы арқылы тілге арналған Көрнекі жобаны бастап жатырмыз. Бұл жоба көрнекі ақпарат туралы заңының талаптарын шағын және орта бизнеске түсіндіріп, орындауға ерікті түрде көмектеседі. Қоғам қазақ тіліне көшіп жатқанда, бұл талап мемлекеттік қызметкерлер үшін де күшеюі керек деп санаймын. Себебі қазақ тілі қазір қоғамның негізгі тіліне айналып келеді. Бұл – халықтың талабы. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер қазақ тілінен тапсыратын емтихан нәтижесі есептелуі керек деп есептеймін», - деді Максим Рожин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ассамблея #халық #Рожин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);