Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Максим Рожин: Халық кеңесі — жалпыұлттық диалогтің...

Максим Рожин: Халық кеңесі — жалпыұлттық диалогтің жаңа форматы

Саясат 26.01.2026, 21:46 231
Максим Рожин: Халық кеңесі — жалпыұлттық диалогтің жаңа форматы
Сурет: https://web.telegram.org/k/#@konstituciyalikreforma

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Максим Рожин Ата Заңға енгізілетін бірқатар өзгерісті қолдайтынын білдірді. Ол Халық кеңесін құру мен Вице-президент институтын енгізу қоғамдық диалогті күшейтіп, елдегі басқару сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Максим Рожиннің айтуынша қолданыстағы қоғамдық диалог алаңдары кей жағдайда тұтас жалпыұлттық мүддені қамтамасыз ете алмай отыр. Осыған байланысты Конституцияда Халық кеңесін бекіту - объективті қажеттілік деп есептейді. Оның пікірінше, бұл құрылым азаматтардың заң шығару үдерісіне жүйелі әрі тікелей қатысуына мүмкіндік береді.

Осы тұрғыда Максим Рожин Халық кеңесіне заң жобалары, ішкі саясат және референдум өткізу мәселелері бойынша ұсыныс жасау құқығын беру ұлттық және әлемдік тәжірибеде тиімділігін дәлелдеген озық модель екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай тетік қоғамның белсенді азаматтарына заң шығару процесіне нақты қатысуға мүмкіндік беретінін айтты.

«Бүгінгі қоғам - белсенді және талапшыл. Енді шашыранды диалог алаңдары, түрлі қоғамдық платформалар кей жағдайда тұтас жалпыұлттық мүдде мен талқылауды қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан ұсынылған Халық кеңесі - формальді жаңалық емес, объективті қажеттілік», - деді Максим Рожин.

Сонымен қатар ол Халық кеңесінің құрамына этностардың, өңірлердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енетінін атап өтті. Бұл кеңесті мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпірге айналдырып, ұлттық бірлікті нақты іспен қамтамасыз етуге жол ашады.

Баяндамасында Максим Рожин билік тармақтарының жауапкершілігін күшейтуге бағытталған түзетулерге де тоқталды. Ұсынылған өзгерістер «Күшті Президент - Ықпалды Парламент - Есеп беретін Үкімет» қағидатын нақты мазмұнмен толықтырады.

Қорытындылай келе, депутат ұсынылып отырған конституциялық түзетулер мемлекеттілікті эволюциялық жолмен күшейтетінін айтты және комиссия мүшелерін бұл бастамаларды қолдауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конституциялық реформа #Талқылау #пікір #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі қаладағы ғылыми және қоғамдық қауымдастық өкілдерімен Жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін 15:59

Алматыда дүкеннен сыра алып, ақысын төлемей кеткен әскери формадағы ер адамға қатысты тексеру басталды

Бүгін 15:40

"Диуани Хикмет" жаңа басылымы жарық көрді

Бүгін 15:26

ІІМ референдум қарсаңында азаматтарға үндеу жасады

Бүгін 15:13

Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды

Бүгін 15:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика