AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мәжіліс Жер кодексіне енгізілген түзетулерді мақұл...

Мәжіліс Жер кодексіне енгізілген түзетулерді мақұлдады

Саясат 31.05.2021, 14:02 2,446
Мәжіліс Жер кодексіне енгізілген түзетулерді мақұлдады
Сурет: News.1777.ru

Әзірленген заң жобасының мақсаты жер заңнамасын жетілдіру болып табылады. 


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Құжатты ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров таныстырды. Ол әзірленген заң жобасының мақсаты – жер заңнамасын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын реттеу және жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейту деп атап өтті.



«Заң жобасында қазақстандықтар мен қазақстандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жалға беру, жалдау мерзімі аяқталғанда, оның мерзімін қайтадан ұзартудың басым құқығы, жер пайдаланушылар арасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану құқығын мемлекеттен сатып алмай иеліктен шығару қарастырылады. Бұл ретте пайдалану мерзімі кемінде 5 жыл және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды хабардар етуге міндетті болады», - деді заң жобасын депутаттарға таныстырған бірінші вице-министр.



Бұдан бөлек, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық бөлімшелері құрылып, жерді пайдалану мен қорғаудың мемлекеттік бақылау қызметтері орталық уәкілетті орган ведомствосына қайтарылатын болды.


Сонымен бірге, заң жобасында «бау-бақша шаруашылығына» және «саяжай құрылысына» ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатын өзгертуге тыйым салу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру жөніндегі мораторийдің мерзімін 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту, берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы мәліметтерді ашық әрі қолжетімді болу үшін Мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің интернет-ресурсында жариялау мәселелері қарастырылған.


Айдарбек Сапаров әзірленген заң жобасын қабылдау нәтижесінде жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді экономикалық айналымға тартылатынын, жергілікті халықтың жайылымдық жерлерге деген қажеттілігін қанағаттандырылатынын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етіліп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тиімді болатынын айтты.



«Сөз жоқ, жер заңнамасына талқыланған түзетулерді енгізу агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға берік негіз болады. Өйткені, жер мәселелері – ауыл шаруашылығы экономикасын дамытудың негізгі факторы. Ел Президенті Үкімет алдына бірқатар міндеттер қойды. Ол міндеттерді біз агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 10 жылға арналған ұзақ мерзімді тұжырымдамасын және АӨК дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобаны қабылдау арқылы іске асыруды жоспарлап отырмыз», - деді бірінші вице-министр Айдарбек Сапаров.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Токаев #Беларусь #Лукашенко #выборы #Жер #кодекс #парламент #Казахстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);