Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мәжіліс депутаттары ХҚКО-ны жекеменшікке беру шеші...

Мәжіліс депутаттары ХҚКО-ны жекеменшікке беру шешімін сынға алды

Әлеумет 06.11.2024, 17:13 1,155
Мәжіліс депутаттары ХҚКО-ны жекеменшікке беру шешімін сынға алды
tengrinews.kz

Мәжіліс депутаттары халыққа қызмет көрсету орталықтарын (ХҚҚО) жекеменшікке беру мәселесін қатты сынға алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Депутат Екатерина Смышляева Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдан ХҚҚО-рын жекеге беру туралы түсініктеме беруді талап етті.

Смышляева депутаттық отырыста бұл шешімнің азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін атап өтті. Оның айтуынша, стратегиялық маңызды мемлекеттік объектілерді жекеменшікке беру — бұл құпия ақпараттың ұрлануы немесе басқа да қауіптерді тудыруы мүмкін.

Биылғы жылдың басында қабылданған заң жобасы жеке серіктестерге қойылатын талаптарды қатаңдатты. Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты — деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құжаттармен жұмыс істеу процесін ретке келтіру болды. Сондай-ақ, заңдағы өзгерістердің маңызды бағыты — делдалдарды азайту, яғни олардың қызметін заңдастыру.

Депутаттың пікірінше, ХҚҚО-ларға мемлекеттік бақылау сақталуы қажет. Ал жекеменшік ұйымдардың қатысатын жағдайдың өзінде тек құжаттарды қабылдап, беру процесімен шектелуі керек. Былайша айтқанда олардың қолдарын үлкен деректер базасына жеткізбеу керек. 

«Аз сөйле, көп істе» деген жақсы мақал бар. Жекешелендіру туралы даулы мәлімдемелер жасаудың орнына, мемлекеттік корпорацияларға іс жүзінде шешімдер қабылдап, заңнамалық жаңалықтарды жүзеге асыру керек. ХҚҚО-да әлі де делдалдар көптеп кездеседі. Олар консалтингтік компанияларға айналып отыр. Ал шалғай ауылдарда әлі де халық мемлекеттік қызметтерді алу үшін бірнеше шақырым жол жүруге мәжбүр», — деп атап өтті Смышляева.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#хқо #жекешелендіру #делдал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика