Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Майдангер ерлігі – ұрпаққа өнеге

Майдангер ерлігі – ұрпаққа өнеге

Әлеумет 28.02.2025, 13:32 675
Майдангер ерлігі – ұрпаққа өнеге
aqshamnews.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздегі жетекші білім және ғылым ордаларының бірі. Университет қабырғасында өткізілетін әрбір іс-шара жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, білім мен ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Осыған дәлел ретінде 2025 жылдың 27 ақпанында ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінде өткен Ұлы Жеңістің тарихи маңызы мен рухани құндылықтарын зерделеуге арналған тәрбие сағатын атап өтуге болады.

Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысының себептері мен негізгі кезеңдері жан-жақты талқыланып, оның тарихи сабақтары кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар, Жеңістің қазақ қоғамы үшін маңыздылығы, майдангерлердің ерлігі, соғыс жылдарындағы халықтың бірлігі мен төзімділігі ерекше назарға алынды. Бұл кезең – тек қазақ халқының ғана емес, тұтас Отанын сүйген халықтардың рухын асқақтатқан сындарлы шақ болды.

Тәрбие сағаты аясында студенттер тарихи деректер мен естеліктер негізінде ой-пікір алмасып, сұрақ-жауап форматында қызу пікірталас жүргізді. Бірі соғыстың ауыр кезеңдерін еске алып, екінші дүниежүзілік соғыстың себеп-салдарын талдаса, енді бірі майдангерлердің ерлігін болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, сол кезеңдегі халықтың бірлігі мен табандылығы туралы сөз қозғалғанда, әрбір қатысушының жүрегінде мақтаныш сезімі оянды.

Интерактивті бөлім шараның мазмұнын байытып, студенттердің білімдерін сынауға, Ұлы Жеңістің құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Жеңістің рухани және әлеуметтік маңызына қатысты пікірталас барысында жас ұрпақ майдангерлер ерлігін ұмытпай, соғыс тарихын дәріптеу қажеттігін атап өтті.

Педагогикалық практика жетекшім, философия ғылымдарының докторы, профессор Борбасова Қ.М. студенттердің бұл тақырыпқа деген қызығушылығы мен терең білімдерін көрсете білуін ерекше атап өтті. Аталған шара тарихымыздың бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, олардың ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттырды.

Ұлы Жеңістің тарихи маңызы мен рухани құндылықтарын келер ұрпаққа жеткізу – біздің басты міндетіміз. Бұл тәрбие сағаты студенттерге майдангерлер ерлігі мен елдің бірлігін сақтаудың маңызын түсіндіріп, болашақта ел игілігі үшін аянбай қызмет етуге шақырды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – білім мен ғылымның тоғысқан орталығы. Университет студенттерге тек теориялық білім беріп қана қоймай, олардың зерттеушілік қабілеттерін дамытып, бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Докторант ретінде осындай іс-шаралардың өткізілуіне ризашылығымды білдіремін. Бұл секілді тағылымды кездесулер университеттің халықаралық деңгейдегі беделін арттырып, білім беру сапасының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, филос.ғ.д. Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы,
Дінтану мамандығының 1-курс докторанты
Бейсембаева Айман Мұратқызы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #майдангер #Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика