ffin.kz

Махаббат не істетпейді...

Махаббат не істетпейді... Сурет: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты, спортшы Дәулет Тұрлыханов ұлының іс-әрекетіне қатысты Фейсбуктегі парақшасында пікір білдірді.


 Соңғы бес айда әлеуметтік желілерде ұлына қатысты жағдайға байланысты көп ақпарат тарап жатқанын жеткізді, деп Almaty-akshamy.kz. 



«Бұл жағдайдың болғаны рас. Алайда оны қоғамдық ортаға қайта-қайта сала берудің жөні жоқ деп есептеймін. Жағдай орын алғанда, өз пікірімді ашық айтқанмын. Барлық жағдай заң жүзінде шешілуі керек дегенмін. Қазіргі кезде қоғамдық ортада ұлымның бір қателігінен басқа қаншама айтылатын өзекті мәселелер бар емес пе?! Ұлыма байланысты жағдайдың қоғамда үлкен ақпаратқа айналғаны түсініксіз.  Ақпараттар шығып жатыр, осы арқылы хайп жинап, қоғамда рейтингін өсіремін дегендер өз мақсатына жеткен шығар. Енді бұл мәселені осы жерден доғарғанымыз дұрыс», - деп жазды Дәулет Тұрлыханов.



Халық қалаулысы ұлының әлі жас, оның жасағаны дизертирлік әрекет емес екенін ашық жазды.  



«Былайша айтқанда, балалыққа салынып «самоволкаға» шығып кеткені. Мен ұлымның Қазақстан Қарулы күштерінің сапында жауынгер болып жүргенін мақтан етемін. Ол жастықтың жалынымен қателік жасағаны түсінікті. Ғашық болып жүрген бала, сүйген қызы келген екен, соған шығып кеткен. Бұл енді жастық сезім, махаббат сезімі. Әрине, мен оны ақтамаймын. Қай ата-ана өзінің баласын жаман болсын дейді?!», - деді ол.



Депутат баласына қазір психологиялық ауыртпалық түсіп жатқанына да тоқталды.  



«Құдай сақтасын, осы жағдай баламның тағдырын тәлкекке салып, қандай да бір оқыс әрекетке баруына себеп болса, мен де өз тарапымнан қарап қалмаймын, қолданыстағы заң шеңберінде әрекет етемін», - деді спортшы.



Ұлының жастыққа беріліп, жіберген кемшілігі оның халық алдындағы абыройын түсіре алмайтынын жазды. 



«Бүгінгі күндегі абыройым - орасан еңбектің арқасында келген. Ал менің ұлыммен болған бір ғана жағдай – халық алдындағы абыройымды түсіре алмайды. Қоғамды  дүрліктіріп, ақпарат таратып жүргендер осыны түсінсе екен деймін», - деді ол қазақстандықтарға жасаған үндеуінде.



Сондай-ақ, халық қалаулысы ұлының ісіне қатысты өз ойын білдірді.



«Тағы да қайталап айтқым келеді, ұлыма қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бәрі заң шеңберінде шешілетін болады. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын», -деді Дәулет Тұрлыханов үндеуінде. 



Р/S: Сот Нұрасыл Болатты ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 15 тәулікке қамауға алынды.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04