конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Магистратураға грант конкурсына құжат қабылдау бас...

Магистратураға грант конкурсына құжат қабылдау басталды

Білім және ғылым 11.08.2023, 09:48 1,382
Магистратураға грант конкурсына құжат қабылдау басталды
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін, 11 тамызда магистратураға түсуге арналған грант конкурсына құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді 40 мың адам тапсырды. Олардың 41%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 70 балл. Ең жоғары балл – 136.Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді.


Бұл туралы Ғылым жәні жоғары білім министрлігі мәлім етті.


Тестілеу қорытындысы бойынша 281 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 189 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 89 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Кешенді тестілеуге кіргізудің үш деңгейлі жүйесінің арқасында 2 бөгде тұлға анықталды. Сондай-ақ, тестілеу бейнежазбаларын қайта тексеру нәтижесінде 1 адамның балы жойылды.


Биыл магистратураға түсу ережелері өзгерген жоқ. Кешенді тестілеу үш блоктан тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.


143 білім беру бағдарламалары тобы бойынша республикалық апелляциялық комиссияға 15 мыңнан астам өтініш түсті, оның ішінде мазмұны бойынша – 14 мың, техникалық себептерге байланысты – 1,4 мың. Апелляциялық комиссияның шешімімен 181 бірегей тест тапсырмасы қанағаттандырылды: мазмұны бойынша – 146, техникалық себептерге байланысты – 35 тапсырма.


Шекті балдар да өзгеріссіз қалды: ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін 75 балл, бейіндік бағыт бойынша 50 балл жинау қажет.




 


 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#магистратура #құжат тапсыру #грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Аустралия жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр

Бүгін 18:36

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

Бүгін 18:31

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

Бүгін 18:28

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында өкпе обырын скринингтеу жалғасады

Бүгін 17:47

Алматы онкология орталығында өкпе обырының алдын алу апталығы өтті

Бүгін 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);