2026-2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Комиссия отырысында магистратураға грантқа үміткерлердің өтініштері қаралып, гранттар конкурс негізінде бөлінді.
Биыл конкурсқа қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп. Үміткерлер арасында ең көп сұранысқа ие бағыттар қатарында педагогикалық ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бар.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері 25 тамызға дейін жарияланады. Нәтижелерді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желілерінен білуге болады.
Ал магистратураға түсушілерді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.