AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Мәдениет шамы сөнбесін

Мәдениет шамы сөнбесін

Мәдени Алматы Бүгін 17:36 47 yakiya
Мәдениет шамы сөнбесін

Кеше Алматы музейлерінің есігі түнгі сағат 24.00-ге дейін айқара ашық болды., – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Яғни қала жұртшылығы мен меймандары 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған дәстүрлі «Музей түні – 2026» мәдени акциясына атсалысты.

Иә, кеше түнде қала көшелерін мәдениет пен өнердің жылы лебі тербеп, музейлердің шамдары түн ортасына дейін сөнбей жарқырап тұрды. «Музей түні» мәдени іс-шара ғана емес, өткен мен бүгінді жалғаған рухани кешке айналды.

Мәселен, Алматы музейінде  кино және театр актрисасы, Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына орай «Қазақ киносының жауһары – Қыз Жібек» көрмесі ашылды. Онда «Қыз Жібек» фильмінің актерлері Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов және фильм авторлары Сұлтан Қожықов, Гүлфайрус Исмайылова, Ғабит Мүсірепов, Нұрғиса Тілендиев сынды тұлғалардың да жеке заттары ұсынылды.

Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығы да өткен мен бүгінді байланыстыратын ерекше бағдарлама дайындады. Тарихи тұлғалар – Дина Нұрпейісова, Жамбыл Жабаев пен Ақан сері бейнесінде өтетін театрландырылған экскурсиялар ұйымдастырылды.

Музейлер кешінде «Жұлдызды гид», «Музейге сый» акциялары, қыш бұйымдар, бейнелеу өнері, зергерлік бұйымдар жасау бойынша шеберлік сағаттары, балаларға арналған аквагрим, пазлдар мен квесттер аймағы, жасанды интеллект технологиясымен жабдықталған фотоаймақтар жұмыс істеді.

«Алматы кеші» концерттік бағдарламасында Kalifarniya, Bayan Sulu, «Алашұлы» тобы, IL Canto квартеті, «Алатау серілері», «Сазген сазы», «Арқайым», «Парасат» этно-фольклорлық топтары өнер көрсетті.

Музейлер табалдырығын аттаған әрбір жан тарихтың тынысын сезініп, өнердің үнін естігендей болды.

Балалардың шат күлкісі, жастардың қызығушылығы, үлкендердің тебіреніске толы жүздері кештің ерекше атмосферасын айшықтай түсті.

«Музей түні» Алматының мәдени өміріне ерекше сән беріп, рухани құндылықтардың маңызын тағы бір мәрте сезіндірді.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Музей түні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Бүгін 18:32

Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:29

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысуда

Бүгін 18:26

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Бүгін 17:23

Элунду Лазар: Алтын Орда – мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің тарихи үлгісі

Бүгін 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);